ГеометрияСынып 9Сабақтың тақырыбы

Скачать

Геометрия
Сынып 9
Сабақтың тақырыбы: Пирамида

Жалпы мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу

Оқу нәтижесі:
- Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
- сыныпта диалогтік әңгіме дамиды.
- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.
Туындайтын идеялар: Пирамида, оның түрлерін ажырата білу, құрылымын үйрену, өмірмен байланыстар іздеу.

Сабақ барысы:
Мұғалім іс әрекеті -------------------------------------------------- Оқушы іс әрекеті
1. Сәлемдесу 2 мин.
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу ---------------- Шаттық шеңбері тренинг көрші --- тұрған оқушының есімінің басты әрпінен басталатын ізгі тілек айтады. Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтады
Сыныпты топқа бөлу 2 мин. ------ Геометриялық фигураларды таңдата отырып, төрт топқа бөледі. Оқушылар фигуралар бойынша 4 топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы - 4 мин
Блиц – тест
1. Параллелепипед жақтарын қандай фигура құрайды?
А) үшбұрыш
В) параллелограмм
С) ромб
D) барлығы да
2. Параллелепипедтің неше қыры бар?
А) 6
В) 8
С) 12
D) 4
3. Параллелепипедтің неше төбесі бар?
А) 8
В) 4
С) 6
D) 12
4. Параллелепипедтің неше жағы бар?
А) 12
В) 4
С) 8
D) 6
5. Алтыбұрышты призма неше қырдан, неше төбеден, неше жақтан тұрады?
А) қыры 18, төбесі 12, жағы 8
В) қыры 12, төбесі 18, жағы 8
С) қыры 24, төбесі 18, жағы 12
D) қыры 18, төбесі 8, жағы 6

Тест кілті:
1. B
2. C
3. A
4. D


Скачать


zharar.kz