Реформалардың отаршылдық сипаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың 60 - шы және 80 - 90 - жылдарындағы әкімшілік реформалар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. Ережемен салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;
Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: әкімшілік - аумақтық бөлініс, генерал - губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. Хабар ел жаңалықтарынан...
4. Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Шынберілген қазақтардың тұрған жерлерін картадан көрсетіңдер.
2. Кестенің толтырылуын тексеру.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
І. ХІХ ғ. 60 - жылдарындағы әкімшілік реформалар.
• Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы.
• Қазақстанның 1867 - 68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік - аумақтық бөлінісі.
• Басқару құрылымының ерекшеліктері
• Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар.
• Реформалардың отаршылдық сипаты.

ІІ. ХІХ ғ. 80 - 90 жылдардағы әкімшілік реформалар.
• Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.
• Маңғыстаудағы көтеріліс.
• Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары
• ХІХ ғ. 80 - 90 - жылдардағы әкімшілік реформалар.

Сабақтың бірінші бөлігі - Қазақстандағы саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.
Алғышарттар:
Қазақстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.
Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазақстанда болған процестерге тікелей әсерін тигізді.
Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.
Қазақстанда әкімшілік - аумақтық және әлеуметтік - экономикалық реформалар жүргізудің себептері:
• Хан билігінің сақталуы патша үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.
• Реформаға дейін Қазақстан екі генерал - губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60 - жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктеді.
• Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.
• Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.
• Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға орналастыру ұйымдастарылды.
Картаны пайдалана отырып, Қазақстандағы реформаға дайындық пен оны өткізудің хронологиялық байланысын көрсетеді.


Скачать


zharar.kz