Интерактивті тақта

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Туынды және интеграл.
Сабақтың мақсаты: 1. Туындыны табу мен интегралды есептеу дағдыларын дамыту.
2. Алынған білімді тереңдету. Өзіндік бақылау мен өзара бақылау дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушылардың туындыны табу мен интегралды есептеу барысында соңғы нәтижелерге жету үшін ерік пен жігерлерін шыңдау.
Сабақтың типі: Өткен материалды бекіту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Оқытудың техникалық құралы: Интерактивті тақта.
Көрнекіліктер: Ғалымдар портреті. Сайыс экраны .
Дидактикалық материалдар: Тестік және әр деңгейдегі тапсырмалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып екі топқа бөлінеді және әр топтың өз тәлімгері, аналитигі және эрудиті болады.

II. Сайыс.
1 - кезең. Ауызша жұмыс (жаттығу)
Кестедегі бос орынды толтыру керек. Әр дұрыс жауапқа ұпайдан беріледі.
2 - кезең. Сұрақ қою:
Сұрақтар интерактивті тақта арқылы беріледі:
1. Туындыны анықтау.
2. Туындының негізгі қасиеті.
3. Туындыны табудың бірінші ережесі.
4. Туындыны табудың екінші ережесі.
5. Туындыны табудың үшінші ережесі
6. Қисық сызықты трапеция дегеніміз не?
7. Қисық сызықты трапецияның ауданын есептеу формуласы қандай?
8. Ньютон - Лейбниц формуласы.

Топтар жауап беріп жатқан кезде аналитиктер №1 және №2 кеспе қағаздармен тақтада жұмыс істейді.
№1 кеспе қағаз.
Мына сызықтармен шектелген геометриялық фигураның ауданын табыңдар:


Скачать


zharar.kz