Жобаны қорғау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қайсарлық пен батылдық
Мақсаты: қайсарлық пен батылдықтың адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру
Міндеттері:
• қайсарлық , батылдық ұғымы туралы түсіндіру;
• ерік - жігер, табандылықтарын дамыту;
• қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберге тұрып, М. Шахановтың Ерлікке шақыру атты әнін аудиокассетадан тыңдайды.

Оқушыларды топқа бөлу:

1: Ұлы Отан соғысының батырлары
2: ХУІІІ ғ. батырлар
3: жергілікті батырлар

Ерекше амандасу: Топ болып, бір - бірімен саусақтарын біріктіру арқылы жұлдызша жасау, амандасу, сәттілік тілеу.
Топқа бөлінудің астарын түсініп, оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып алады. Топқа бөлуде бұл есімдердің жайдан - жай алынбағанын сездіру үшін жекелеген кейіпкерлерге қатысты қосымша сұрақ қоюға болады.
сұрақ
1. Б. Момышұлы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ берілмеді. Неге?
күтілетін жауап: Момышұлы болғандықтан. Ал батыр атақ үшін Момышов болудан бас тартты. Тәуелсіздік алған соң Халық қаһарманы атағы берілді.
2. Көтібар есімін айтқанда балалар күлуі мүмкін, сондықтан есімнің қойылу сырын түсіндіру қажет
- Неге батырға осы есім қойылды?
күтілетін жауап: дүниеге келгенде Саңырық әулиеден балаға ат қоюын өтінеді. Әулие есік алдындағы әйелдерден:
- Келін не бала туды?- деп сұрайды.
- Көті бар бала туды,- дейді. Әулие:
- Құдай аузыңа салған шығар, аты Көтібар болсын,- депті.

Әңгімелесу:
● Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың?
● Жиі тәуекелге барасың ба?
● Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласың ба?
● Адам неліктен көзсіз ерлікке барады?

Мәтінмен жұмыс:
Өмірде кездесетін қиыншылықтарды дұрыс қабылдап, олардың шешімдерін таба білу қажеттігін ұғындыра түсу мақсатында мәтінмен мұғалім таныстырады (флештренинг).
● Қандай ой түйдің?
● Өзің ерік - жігеріңді шыңдаудың қандай амалдары мен жолдарын жасар едің?
Дәйексөз: Ерге керек төзімділік күш - қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Ж. Баласағұни.
Жаңа ақпарат:
Оқушылар оқып, өз ойларын толықтырады.

Бейбіт күннің батырлары туралы ой қозғау
Тапсырма: Дәптердегі 2 - тапсырманы орындау, мұғалім интерпретация жасайды.

Шығармашылық жұмыс: жоба қорғау
1. Өмір ерлікке толы
2. Адам рухының күштілігі мен әлсіздігі
3. Мен нені таңдаймын?
Жобаны қорғау. Көрші топ бақылау парағы бойынша пікір білдіреді.
мазмұны----- эстетикалық талғамы---- идея ----- өмірмен байланыс ---- топ мүшелерінің белсенділігі -----ойды жеткізе алуы ---- сұраққа жауап беруі
Үйге: Сұхбат алуға жоспар құру

Ерекше пікір: Оқушылардың есімдері тұрған тұсқа өз қалаулары бойынша жұлдызша жабыстырады. Кім көп жұлдыз жинаса, сол - көшбасшы (мадақтау).
Шеңберге тұрып, оқулықтағы өлең жолдарын хормен айту.


Скачать


zharar.kz