Әріптер жаттығуы

Скачать

Тақырып: Саут ашу мен жазуда денсаулықты сақтау технологиясы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту.
Дыбыстарға тіл ұстарта отырып сөз құрату. Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балалардың бұлшық етін нығайтуға арналған жаттығулармен таныстыру.
Дамытушылық: Дидактикалық материалдар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың дүниетанымын шығармашылық ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Кеспе әріптер, сызбалар, тірек-сызбалар, қалам, әр түрлі материалдар ұсақ бұлшық еттерге арналған жаттығулар

Іс – әрекет кезеңдері
Күйтабақтан музыка әуені ойналады.
Топқа Қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек: мен әжеме бара жатырмын, бірақ, мына орман өте қорқынышты екен.
Әрине, Қызыл телпек біз саған көмектесеміз.
Мен балаларды шақырып, телефон шалайын.
Ормандағы дыбыстар:
Желдің дыбысы
Судың дыбысы
Аралардың дыбысы
Жыланның ысылдаған дауыстары естіледі.
Балалар бұл орман сиқырлы екен біз әженің үйіне бару үшін өте сақ болуымыз керек.
Сондықтан жақсы есту үшін құлағымызға массаж жасап алайық.
Құлаққа массаж.
Балалар дыбыстар естіледі, бұл не болды екен.

1. Дыбыстар үйлеріне де келдік.
Иә, дыбыстарды өз үйлеріне орналастыру қажет. Дауысты дыбыстар қызыл үйге, ал
Дауыссыз дыбыстар көк үйге бөліп орналастырамыз.
Дыбыс дегеніміз не?
Сөз неден құралады?
Сөзден не құралады?
Сөйлем құрастырып көрейік.

2. Балалар бізді қоян күтіп отыр екен. Оның бізге дайындаған тапсырмасы бар екен.
Қоян бізбен ойын ойнағысы келеді, себебі аяқтары шаршапты. Жаттығу көрсетейік.
Саусақ гимнастикасы:
Саусақ гимнастикасын орындайды.
Біз жазамыз, жазамыз,
Сурет саламыз
Күн, үй, сағат
Тик - так, алақай біз жақсы балақай.
Ергежейлі таңертең
Өз үйінен шықты,
Себет ұстап қолына
Саңырауқұлақтар терді. Міне, енді тапсырмаларға кірісуге болады.
Көзіміз жақсы жұмыс істеу үшін көзімізге жаттығу жасайық.
Көз гимнастикасын орындайды.
Көбелек ау, көбелек,
әдемісің керемет!
Гүлге келіп қона ғой.
Бізге көмек бере ғой.
Дидактикалық ойын: Қай дыбыстан басталады .
Балалар дыбыстарды айырады.
Дидактикалық ойын: Жоғалған дыбыстар
Дыбыстарды өз үйлеріне орналастырады.
Дыбысты біз естиміз айтамыз.
Сөз дыбыстардан құралады.
Сөздерден сөйлем құралады.
Дыбыстарды тауып жазады.
Балалар бізді жол нұсқау белгісі Түлкінің үйіне әкелді.

3. Сәлеметсіз бе? Түлкі бикеш.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Маған көмектесіңдерші. Ұстазым мына заттардан әріптер құрастыруды тапсырды.
Мен қиналып отырмын.
Жарайды, көмектесейік. Бірақ, бізге Қызыл телпектің әжесіне баратын жолды көрсетіңіз.
Әр түрлі материалдардан әріптер құрастыру.

4. Балалардың алдынан қасқыр шығады.
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіңдерме, балалар! Менімен жаттығу жасауға қалай қарайсындар.
Әріптер жаттығуы
5. Аюдың үйіне де келдік. Аю орманға жидек теруге кетіпті бізді озіне көмектесуімізді сұрапты. Кішкентай мишуткаға
мақал мәтел жазып қалдырумызды өтініпті.
А) Оқы да, біл,
Ойна да, күл.
Б) өнерлі өрге жүзеді.

Тіл ұстарту жаттығулары:
Ыс - ыс - ыс
Келіп қалды қыс.
Жа – жа - жа
Менің атым қожа.
Са - са - са
Ызыңдайды маса.
Рет - рет - рет
Мен саламын сурет.
Бізге мына жерде тағы тапсырма қалдырыпты. Сан қатарын дұрыс жазсан әдемі сөз шығады. Кәне, көрейік.
Мирас қандай сөз шықты.
Біз ақылдымыз!
Өте жақсы біз орман аңдарының тапсырмасын орындадық. Қызыл телпектің әжесіне де келдік.
Балалар, сендерге үлкен алғыс айтамын.
Менің немереме көмектестіңдер!
Сендерді тәтті тоқашпен сыйлайын.


Скачать


zharar.kz