Ғани сурет

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,
Әлиева Гүлсім Кеңесқызы

Cабақтың тақырыбы: Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек
Мақсаты: Шығыс жастарының ақылшысы, жетекшісі болған Ғани өмірімен таныстыру; жас ұрпақ үлгі тұтатын солардай болсам деп армандайтын жасөспірімдерге оқуға ізденуге, өсу жолдарын үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғ.Мұратбайұлы суретті, мәсіні, газеттер, альбомдар, Ғани кітапшасы, Ғанидың жұлдызы атты кітап.

Барысы:
Ұйымдастыру
Балалар бұл есімді білетін боларсыңдар. Көптеген көшелер мен елді мекендерге мектептерге Ғани Мұратбайұлы есімі берілген. Біздің бүгінгі Өткеніміз өнеге күткеніміз келешек атты тәрбие сағытымыз Ғани Мұратбайұлына арналды.

Ғани сөзі
Тұман еді...
Түн еді, ертең еді....
Түнек еді, өскенге дерт - өлеңі ..
Өзгертті де дүниені ел шемені,
Өр сапарға шақырды ерте мені.

Мұғалім: Жасынның жарқ еткеніндей ғана, ғұмыр кешкен Ғани жиырма үшке де толып үлгермей өмірден өтті. Ол жымия күлген бойы жиырмасыншы ғасырдың табалдырығн аттады.
Ғани - ғұмыр. Ғани – ғасыр
Ғани, ол кім еді? Бір сәт өткенге көз жіберіп көрелікші.

Нұрдәулет: Мұратбай аға, Бәтима жеңешем ұл тапты. Сіз ұлды болдыңыз. Сүйінші, сүйінші!
Мұратбай: Айналайын, сүйіншінің дайын. Қалағаныңды ал. Бұл нәресте – менің көптен күткен қуанышым, атын татар тамырымның құрметіне Ғанибай қоямын.
Мұғалім: Бұл қуаныш 1902 жылы 3 маусымда болған еді. Қазалының киелі топырағында айналаны шаттық думанға бөлеп Ғани дүниеге келді. әрине ол кезде Ғаниды шығыстың болашақ жаужүрек жалынды ұланы болатынын ешким білген жоқ. Алаулаған таңның алабұртып атып келе жатқанын тек Табиғат –Ана сезгендей, төңірекке күншуағын төгіп, мейірлене қарап тұрған еді.

Нұрдәулет: Апа, оқығым келеді. Әкем менің оқып, азамат болғамыды қалапты ғой.
Родамир: Иә, құлыным, әкең сенің оқығаныңды армандап кетті ғой. Оқу жасынан өтіп те кеткен сияқтысың. Биыл күзден бастап сені оқуға берем, қазақ балаларының саны жетіспей тұр дейді.
Ол 1911 жыл.

Әкесі қайтыс болған соң тоғыз жасар Ғаниды анасы сол кездегі уезд орталығы Қазалы қаласына алып келіп, орыс – қазақ мектебіне оқуға береді. Оны бітіргеннен кейін бастауыш училищесіне оқып білім алады.
Ғани он бес жасқа толғанша біршама білім алып сауаттанады. Бұдан кейін бір жылдай уездік комитетте қызмет істейді.
Жүрегі асау тайдай тулаған сергек сезімді жас жігіт алыс армандарға ұмтылады.
Көрініс: Біздің Ғани

1923 жылы күзінде оқу іздеп, Көпеш Аталықов екеумиз Ташкентке бардық. Ертеңіне Ғаниды кабинетін таптық. Біреу де, екеу де емес, қырық шақты бала айнала қоршап алдық. Ол бізбен көп жылғы танысындай жылы сөйлесті.
- Сендердің тілектерің оқу ғой, балалар, еріңдер соңымнан! – деді де бізді бастап алып жүрді. Сонда бізден үш-ақ жас үлкен екен ғой ол. Жол – жөнекей қағылез көзі шүңірейген арықша балаға қарап:
- Әке – шешең бар ма? – деді.
- Төрт жасымда жетім қалыппын, - деп мұңайды бала.
Сонда Ғани:
- Оқу, үйрену жетімдікке қарамайды, шөлдеп ішкен су тәтті, жастарың жеткен, пщы мен тұщының дәмін тартқан балалар көрінесіңдер, ерініп оқымай беріліп оқысаңдар бәрі де болады, бәрі де табылады, ол үшін талап керек,-деді.
Сөйтіп, не керек бізді су шаруашылығы мамандарын даярлайтын техникумның мұраптық мамандығына түсірді.

Мұғалім: Ғани 1918 жылы сол кезде Орта Азиядағы оқу – білімнің, мәдениеттің ордасы Ташкенттен бір-ақ шығады. Содан оның қоғамдық саяси бағыттағы қызметі басталды. Қазақ институты жастарының комсомол ұйымын ашады. Ташкентте қаңғып, ұрлық қып, қайыр тілеп жүрген жетім балаларды жинап интернатқа орналастырады. Оның осы еңбегін ақын І. Жансүгірұлы кейін:
Жинауға жалпы жасты жаман - жұман

Жұртыңнан арылтуға ауыр тұман
Жасыған жас жұртыңа көсем болып
Майданға түсіп едің, Ғани ұлан, - деп жырлады.
Оқу мен қызметті ұштастыра білген Ғани бас – аяғы жеті жылда қатардағы комсомол мүшесінен Бүкіл Түркістан жастарының жетекшілігіне дейін көтерілді.
Ол бүкіл Ресейлік жастар Одағының және ВКП Түркістан Орталық Атқару Комитетінің бро мүшелігіне кандидат болып сайланды. Комитеттің шығыс бөлігін басқарды.
Ғани сурет.
Оқушы өлең оқиды.

Мұғалім: 1925 жылдың 16-сәуір күні. Ғанидың денесі салынған табыт Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінің залына қойылды. Оның табыты жанында балтық флотының екі жүз теңізшісі құрметті күзетте тұрды.
Шығыс жастарының жалынды жетекшісімен қоштасуға жұрт көп жиналды. Он бес мың мәскеулік коммунистер мен комсомол жастар Ғанимен қимай қоштасып, ақтық сапарға аттандырып салды. Көзден таса болуын сүймейтін жүрек Ғани өлді деуге сенбейді, сенуге болмайды. Кісінің сенгісі де келмейді. Жайнаған көз, жанған жүрекпен, сыбанған білекпен, жан – тәнімен іске кіріскен Ғани жалпақ даланың жаужүрек ұланы еді. Тартыстың отымен жанып кетті.

Ардақ: 23 жыл ғұмыр кешкен Ғани соңына рухани мол мұра қалдырды.
Мағжан: Оның отжалынға оранған қайрат – жігері, болашақты болжауы, көрегендігі, іскерлігі, тұрақтылығы, асқан жауапкершілігі, адалдығы, әділдігі – қрпаққа ұлағат болар мәңгілік мұра.
Аружан:1968 жылы Қазалы қаласында Ғани Мұратбайұлының тарихи – мемориалдық мұражайы ашылды.
Қарақат:Қаланың қақ ортасындағы қарағай там қашанда көненің көзі болып көрінері анық. Бүгіндері ол Ғани өмір сүрген өлкенің тарихына айналыр отыр.
Аида: 1992 жыл Ғанидың 90 жылдығы Республика көлемінде аталып өтті.
Гүлназ: 2002 жылдың 3 маусымында Ғани аға 100 жасқа толса да ол біздің санамызға біздің өмірімізде жастықтың рәмізі болып қала береді. Сендер де өз заманының жалынды күрескері, тәуелсіз еліміздің тірегі, қайтпас қайсар қорғаушы күші болады деп сенемін.

Хор.
Ғанидай боламыз

Сымбат:
Жүрегі кең, жаны игі,
Жайсаң аға Ғаниды
Барлық бала біледі
Барлық бала таниды
Өмірі оның – толы аңыз
Жүріп өткен жолы – аңыз.
Біз Ғаниға ұқсаймыз
Біз Ғанидай боламыз
Қиындықта қанша мол
Қажымаған шаршап ол

Гүлкөктем:
Ғани нағыз батыр ғой,
Ғани – нағыз комсомол
Оянғанда жас ғалам
Асқақ ұран тастаған
Жайсаң аға туралы
Біз шырқаймыз асқақ ән.


Скачать


zharar.kz