Елордамыз қандай қала

Скачать

Шымкент қаласы, №58 Күншуақ
бөбек – жай балабақшасының тәрбиешісі
Арынғазиева Қ. М.

Ұйымдастырылған оқу – іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім облысы: Таным, қатынас, әлеуметтік, шығармашылық.
Білім бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен танысу, сурет, жапсыру, құрастыру.
Тақырыбы: Оюлар сыры .
Мақсаты: Балалардың туған елі – Қазақстанға, туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің байлығын, халқының тұрмыс – тіршілігін айтып түсіндіру, ұлттық бұйымдар мен қазақтың ою – өрнек түрлерімен таныстыру, ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал – мәтел, тақпақтарға қызығушылығын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру. Өз ойларын жеткізу, берілген сұрақтарға толық сөйлем мен жауап бере білуге үйрету. Бастырып салу әдісі арқылы қылқалам және субояумен, желімдеп жапсыруда, құрастыруда жұмыс іскерліктерін қалыптастыру.
Қос тілдік компонент: Өрнек – узор.

Мотивациялық қозғаушылық
Балалар назарын қонақтарға аударады.
Шаттық шеңберін өткізеді.
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
Ия, біздің Мемлекет өзінің тәуелсіздігін алғанына міне 20жыл болыпты.
Елордамыз қандай қала?

Біз қай қалада тұрамыз?
Ұлтымыз кім?
Қазақстан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Біздің елордамыз Астана қаласы.
Біз Шымкент қаласында тұрамыз.
Ұлтымыз қазақ.
1. Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суғарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп уланған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2. Әйнегі күн, шатыры аспан, кең дала....
Төл толған егін
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан Республикам менің.

3. Мы живем в стране особой,
Самой дружной, самой доброй.
Мы гордимся ею,
Родину своею.

Ұйымдастыру. Ізденушілік
Балалар сендер басқа жаққа қонаққа барғанда, ата – аналарыңмен алыс сапарға шыққанда, өз үйлеріңді, туыстар достарыңды, өз көше – аулаларыңды, тұратын жерлеріңді сағынасыңдар ма?

Туған жер деп нені айта аламыз?

- Біздің туған жеріміз ата – мекеніміз – Қазақстан (Қазақстан туралы диск қойылады)

Табиғаты әсемде, әдемі, жері кең, пайдалы қазбаларға бай өлке.
Пайдалы қазбалар деген ол - көмір, газ, мұнай, алтын, жан – жануарлардың, құстардың, жәндіктердің, түр – түрі мекендейді. Жерімізде дәнді дақылдар, арпа бидай, күріш, тары, жүгері көптеп өсіріледі. Жайнап жатқан бау – бақшамызда аз емес. Халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Туған ердің табиғаты әр адамға ерекше әсер береді. Адам өзінің туған жерін алыс сапарға шыққанда қатты сағынады, оны ешнәрсеге айырбастамайды. Адамның туып өскен, білім алып, өмір сүретін мекенін Туған жер немесе Туған өлке деп атайды. Туған жер, туған өлке туралы қандай өлең, мақал – мәтелдер білесіңдер.

1. Атқұлақты ат қылып,
Асыр салғаны осы жер.
Ақ батпаққа аунасып
Жарыс салған осы жер.
Айналайын, туған жер,
Кіндік қайын туған жер!

2. Төскейден жел өседі.
Төбемнен бұлт көшеді
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.

3. My Kazakhstan
My wonder full mother land
There are a lot of things:
Big mountains, rivers and
Friendly my people.

4. My motherland Kazakhstan
The best place in the world,
It place where was born.
My motherland Kazakhstan
I love you very mach!

Мақал – мәтел
1. Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
2. Ел іші – алтын бесік.
3. Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.

Өте тамаша
күннен күнге көркейіп, әсемдене түскен елордамыз біздің мақтанышымыз. (буклет)
Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар?

Біздің өлкеміз Оңтүстік өңірі деп аталады. Табиғатымыз көз тартарлық әсем де әдемі. Бидай, мақта алқаптары, бау – бақшалар, таулы, егіс жерлеріне бай өлке. Бұрынғы уақытта халқымыз көшпелі өмір сүрген. Өйткені мал шаруашылығы мен айналысқан, қай, сиыр, жылқы, түйе баққан. Жазы жайлауда шөбі мол жерде тұрған, қыста қыстауға көкен. Көшпелі өмірге қолайлы баспана ретінде киіз үйді пайдаланған. Үй іші жиһаздармен толықтырылған. Оның бәрі ұлттық нақышта әшекейленген. Ұлттық киімдер, ыдыс – аяқтар, бұйымдар, ою – өрнектер мен әшекейленген. Сендерге ойын ұсынамын. Ойын: Киіз үйдің ішінде қандай бұйымдар болады? деп аталынады. Ежелден келе жатқан аңыз бар. Жан – жануарлардың бейнесін салмаған олардың бейнесін ою – өрнектер арқылы көрсеткен.
Мысалы: 1. Қошқар мүйіз.
2. Ботамойын.
3. Сынық мүйіз.
4. Құс қанаты.
5. Бұғы мүйіз.
6. Толқын.
7. Ирек оюларымен әшекейленген.
Ал бірнеше оюларды біріктіру арқылы өрнектер шығарған.
Қазір біздің балалар ұлттық киімдер мен бұйымдар көрсетілімі өткізіледі (музыка ойнайды)


Скачать


zharar.kz