Сабақтың тақырыбы: Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыға автор туралы мағлұмат беру, қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мәтіндегі ойды ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Тасбақа туралы білімдерін ортаға сала отырып, тілін дамыту, өзбетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға баули отырып,
Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік: Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау, табиғатты аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, топтастыру, дәлелдеу,
талдау, БҮҮ стратегиясы, шығармашылық жұмыс, топтық
жұмыс
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
Бәйге ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша. (І слайд)
1. Оң жақтағы – 20. Өлеңнен қайталанып тұрған сөзі бар шумақты жатқа айт.
2. Сол жақтағы - 20. Туған жердің құдіретті күшін көрсететін шумақты тауып оқы.
3. Ортадағы - 50. Туған жер, ел туралы мақал - мәтел айт.
4. Оң жақтағы – 30. Ұшқыштың туған жерін жақсы көру сезімін суреттеген шумақты жатқа айт.
5. Ортадағы - 40. Ұшып келем өлеңін жатқа айт.
6. Оң жақтағы – 60. Осы тарауда өзің жаттаған Туған жер, Отан туралы өлеңдерді жатқа айт.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Ойды жинақтау ( ІІ слайд)
Әр жолдары ауыстырылып қойылған мақал - мәтелдерді оқи отырып, мағынасы ашылатындай жинақтап айтып шығу.
Өз елімнің тасы болмасам да,
Туған жердей жер болмас,
Туған жер - тұғырың,
Аққу көлін аңсайды,
Сайының тасы болайын,
Туған елдей ел болмас,
Дала көркі - мал,
Туған ел - қыдырың,
Өзен көркі – тал,
Адам туған жерін аңсайды.
Мұғалім: Табиғат - біздің ортақ үйіміз, яғни бізді қоршаған орта. Туған жеріміз кең, байтақ, табиғаты әсем. Жерімізде тіршілік ететін аң - құстарды, жануарларды, жәндіктерді, ағаштар мен өсімдіктерді қорғау - бәріміздің парызымыз.
Сұрақ - жауап
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Жан - жануарларды қандай топтарға бөлуге болады?
IY. Жаңа сабақ
а Қызығушылықты ояту ( ІІІ слайд)
ә Жұмбақ шешу
1. Күнімен, түнімен
Көшіп жүр үйімен. (Тасбақа)
2. Бауырында төрт таған,
Арқасында тостаған. (Тасбақа)
б Ә. Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі әңгімесімен таныстыру. (IY слайд)
в Автор туралы мәлімет