Рационал өрнектер, рационал өрнектерге амалдар қолдану тақырыптарын пысықтау

Скачать

Сабақтың мақсаты: Рационал өрнектер тарауын қорытындылау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Рационал өрнектер, рационал өрнектерге амалдар қолдану тақырыптарын пысықтау.
Дамытушылық: Өзіндік ойлау дәрежесін арттыру, алған білімін пысықтап, жаңа теорияларды, ұғымдарды игеруге бейімдеу.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, ұжымшылдыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, жеке дара жұмыс, бірін - бірі тексеру арқылы білімдерін бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, оқулық.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.

3. Жаңа сабаққа қатысты рационал өрнектер, рационал өрнектерге амалдар қолдану тақырыптарын пысықтау.
1. Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Кемпір бір күні бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қояды. Бауырсақ домалап қашып кетеді. Орманда келе жатырған бауырсақты қоян ұстап алады. Ол қоянға өлең айтып береді. Ал, қоян оған сұрақ қояды, бірақ бауырсақ жауап таба алмайды. Бауырсаққа көмектесейік.
Қоянның сұрағы: қандай өрнекті бөлшек өрнек деп атайды?
Дұрыс жауап: Құрамында айнымалысы бөлімінде кездесетін бөлшектері бар өрнектер бөлшек өрнектер деп аталады.

2. Орманда келе жатырған бауырсақты қасқыр ұстап алады. Ол қасқырға өлең айтып береді. Ал, қасқыр оған сұрақтар қояды, бірақ бауырсақ жауап таба алмайды. Бауырсаққа көмектесейік.
Қасқырдың сұрағы: а) Бөлімдері бірдей рационал өрнектерді қосу қалай орындалады?
ә) Бөлімдері бірдей рационал өрнектерді азайту қалай орындалады?
Дұрыс жауап: Бөлімдері бірдей рационал өрнектерді қосу үшін олардың алымдарын қосып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
Дұрыс жауап: Бөлімдері бірдей рационал өрнектерді азайту үшін олардың алымдарын азайтып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.


Скачать


zharar.kz