Мұхтар Шахановтың өлеңіБіздің елде, заманында әлем назар аударғанӨзге түгіл өз ұлтынан шеттетілген таулар бар

Скачать

Мұхтар Шахановтың өлеңі

Біздің елде, заманында әлем назар аударған
Өзге түгіл өз ұлтынан шеттетілген таулар бар.
Соның бірі сенің аға - қазағымның нар тауы
Дәуірінің өр рухпен суарылған арқауы,
Талай жерге шашып едің жүрегіңнің жарығын,
Енді туған мекеніңе оралдың ба, алыбым.
Сыртта жүріп сағындың - ау, құшағыңды аш, еркеле
Ұлыларын өлгеннен соң ардақтайтын өлкеңе.
Кейде солай, қырандардан шымшық озып жатады,
Оған бола төмендемес кең далаңның атағы.
Бірақ соған ұялатын көз көбейсін деп тіле,
Қансыз бетті қызартатын сөз көбейсін деп тіле.
Бүгін міне, сенің күнің күліп кірді есіктен,
Қарсы ал кәне, бақытыңды жетпіс бес жыл кешіккен.
Саған шексіз қатал дәуір сыбағасы тиіпті - ау,
Түркістанның маңдайына симай кеткен биік тау.


Скачать


zharar.kz