Сабақ тақырыбы: Балалар елін бағындыру (Ертегі)
Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын оқып түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашу. Жүйелі
мазмұндауға, өз ойын, пікірін айта білуге үйрету, жаңа сөздермен таныстыру.
2. Өз бетімен талдау, салыстыру, саралау арқылы шығармашылық қабілеттерін,
ой - өрістерін, сөздік қорларын дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке, ынтымаққа, өнер, білімге құштарлыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білім беру
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Топтау, сұрақ – жауап, түсіндіру, сөздік, слайдтар
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Музыка, еңбекке баулу, дүниетану, дене шынықтыру
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Ол жанбаса лапылдап
Аспан қалай ашылмақ.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ы. Алтынсариннің Өнер - білім бар жұрттар өлеңін жатқа сұрау.
2. Өнер, білім туралы мақалдар айтқызу.
3. Ғылымның жетістіктерін атату.
ІІ. Өткен тақырыпты бекіту. Ыбырай Алтынсарин туралы өз ізденулері бойынша әңгімелету.
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе.
А) Өз мақсатымызға, арманымызға қол жеткізіп жақсы өмір сүру үшін не керек?
(білім, еңбек, өнер, оқу, кітап, спорт, ойын т. б)
Ә) Себебін айтып, дәлелдеу.
Мұғалім сөзі: Біз осы аталған нәрселердің өмірде қаншалықты маңызды екенін білу үшін
Балалар елі деген жерге саяхатқа шығамыз.
1 - аялдама. Ойын патшалығы 1 - слайд
Тапсырма: Ойынның қандай пайдасы мен зияны бар?
1 - бөлімді оқу, талдау. Мақалдар айтқызу.
Түйін сөз. Бала ойынмен өседі.
2 - аялдама. Еңбек
Тапсырма: Еңбектің пайдасын атайық.
2 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Адамды адам еткен - еңбек.
3 - аялдама. Оқу
Оқудың қажеттілігі қаншалықты?
3 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Оқу түбі - тоқу.
4 - аялдама. Спорт
Сендерге спортпен шұғылдануға не кедергі?
4 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Спорт - денсаулық кепілі.
5 - аялдама. Өнер
Өнер түрлерін атаңдар.
5 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Өнерлінің өрісі кең.
6 - аялдама. Кітап
Кейбір балалар неліктен кітап оқымайды?
6 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Кітаптың бағасы арзан, іші толған маржан.
7 - аялдама. Көңілге тоқы, сарала
1. Сөздік жұмыс. Мақрұм - бос қалу.
Жүрек жалғау - тамақтану.
Кемеліне келген - әбден дамыған, өркендеген
2. Мәтінге талдау. Балалар еліндегі алтаудың
Ең маңыздысы? (оқу)
Ең көңілдісі? (ойын)
Ең ақылдысы? (кітап)
Ең күштісі? (спорт)
Ең жақсысы? (өнер)
Ең маңыздысы? (еңбек)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. 1. Ертегіні жалғастыру.
2. Балалар елінің тыныштығын кетіретін зиянды жаулап алушылар шығуы мүмкін бе?
Ү. Қорытындылау. Әңгімелеу кестесі арқылы
1. Мәтін тақырыбы: Балалар елін бағындыру.
2. Авторы: Н. Ақышев
3. Кейіпкерлер: Балалар, ата - аналар, ойын, еңбек, оқу, кітап, спорт, өнер.
4. Немен аяқталды? Бақытты елге айналуымен.
5. Не үйрендік? Адамға қажетті байлықтарды білдік.
ҮІ. Үйге: Мәтінді оқу, мақалдар жаттау. 6 - ң біреуіне эссе жазу.
ҮІІ. Бағалау