Ата - аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;
Жоспар
1. Кіріспе сөз
2. Тренинг: Кел танысайық!
3. Балабақшаның күн тәртібі
4. Алғашқы қадам бағдарламасы (слайд)
5. Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу).
6. Ата - ана мен балаға байланысты ситуация шешу.
7. Сұрақтарға жауап беру
8. Ата - аналар комитетін сайлау.
9. Сұрақ - жауап алмасу.
10. Қорытынды.
Балабақша меңгерушісі Айгүл Қоныспайқызы Насиловаға сөз беру.
Тәрбиеші:
Құрметті ата - аналар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен балабақша. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып алайық.
Тренинг: Кел танысайық!
Ата - аналар шеңбер құрып тұрады. Менің есімім.... мен... анасымын (әкесімін). Өз баласы туралы айта кету. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын - деп жұмсақ ойыншықты көрші тұрған ата - анаға беріп, әр бір ата - ана өзін таныстырып шығады.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі. жүктеу