Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Құрақ үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту,алған білімдерін компьютер арқылы көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Технология сабағында компьютерді пайдалану.
Кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: Информатика, сурет, музыка, тарих, әдебиет, математика, сызу, геометрия.
Сабақтың құрал-жабдықтары: қайшы, желім, сызғыш, бояулар, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, картон, бор, қағаз, мата, ине, жіп
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,матадан тігілген Құрақ үлгілері, суреттер,буклеттер, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды сабаққа даярлау,түгендеу.
2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылығын ояту.
1.Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2.Оюдың неше түрі бар?
3.Ою-өрнек дегеніміз не?
4.Өнер туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?
Өнер сыры – өрнекте.
Ою ойғанның ойы ұшқыр.
Ою ойған сызу да сызады.
Үлгісі көптің өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп.
Өнерсізден құт қашады.
5.Симметрия дегеніміз не?
6.Колорит дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Құрақ үлгілерін компьютер көмегімен жобалап, сызып үйрену
Оқушыларға Insert әдісін дәптерге толтыру.
Құрақ туралы не білесіңдер?
Білемін
Білдім
Білгім келеді
IV Мағынаны ажырату.
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:тіл өнері,қолөнері және саз өнері.Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру,тігу.тоқу.мүсіндеу.құрастыру,бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ,қарапайым ғана құрақ шығады.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады.Шаршы, алтыбұрыш, трапеция,тең бүйірлі үшбұрыш,пирамида,ромб.тіктөртбұрыш,
параллелограмм.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
1.Матаның қиындыларынан іске ұқсату (Кәдеге жарату).
2.Үлкен сәнділікке баулу,матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып,қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Құрақтың атаулары әр түрлі:
а) қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ.
б) орыс тілінде құрақ құру өнері лоскутное шитье немесе мозаика .
в) жапон тілінде құрақ құрау өнері сашико .
г) ағылшын тілінде құрақ құрау өнері печворг және квилт - деп атайды.
Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.
Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.
Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:
1.Табиғат.
2.Жануарларға.
3.Геометриялық.
4.Аспан әлемі.
Бүгін сендер Аққу және Жауқазын құрақтарын компьютерге түсіріп, сызып, боясыңдар.
Аққу құрағы.
1.Аққу қандай құс?(көлдің сәні, адалдық, табиғаттың сұлылығы, киелі құс)
2.Аққу туралы қандай аңыз білесіңдер? Ертеде бір кісі аққудың киелі екеніне білмей оған оқ атады, сонда аққудың сыңары сыңарынсыз өмір сүре алмай өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді .
Аққу-құстың төресі жалғыз жатып оттамас деген халық сөзінен аққудың сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз.
3.Аққу туралы қандай өлең білесіңдер?
Сегізжапырақ құрағы.
- Балалар, сендер осы құрақ түрлерін танып білдіңдер десе болады. Енді компьютермен жұмыс жасаймыз.Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігін еске түсірейік.
1.Кабельдердің қосылған орындарына тиюге;
2.Жұмыс істеп тұрғанда экранға ,монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге;
3.Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды тоқ көзіне қосуға,үзуге;
4.Кітап,дәптер және тағы басқа заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға;
5.Су киіммен,су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тыйым салынады.
Компьютермен жұмыс жасағанда PAINT графикалық редакторды пайдаланамыз. Іске қосу үшін мына командаларды орындаймыз: БАСТАУ – БАҒДАРЛАМА – СТАНДАРТТЫ – PAINT. Paint (ағылшын сөзі) –қазақша сызып, бояп үйрену деген мағынаны білдіреді.
Құрақтың екі түрін сызып және бояймыз.
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
2. Сегізжапырақ құрағы
Тест сұрақтарын компьютердің көмегімен шешіп, компьютер бағасын өзі қояды.
V.Ой толғаныс кезеңі.
Ал енді балалар бүгінгі сабақты қорытындылай келе, мына кестені толтырамыз.
INSERT әдісі.
VІ Қорытындылау, бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
Аққу және сегізжапырақ құрақтарын құрау, ою-өрнек туралы 5 жолды өлең жазу.