Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата - анасы айыппұл төлейдіБір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

Скачать

Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді

Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата - аналарға 42 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді.

Алайда кейбір ата - аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған Өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге Балаларды мектепке қайтарайық атты акция ұйымдастырып, үй - үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата - аналары негізінен ішімдікке салынғандар. Мәселен, Арина Тарасова биыл 1 сыныпқа баруы керек болған. Бірақ 1 қыркүйектен бері мектеп табалдырығын аттамапты. Қызының қайда екенінен маскүнем анасы да бейхабар.

127 - ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата - ана құқығынан айырамыз , - дейді Ернұр Рахимов, Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы.

Дереккөзі: astanatv


Скачать


zharar.kz