Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы,
Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисекеева Гаухар Зейноллаевна
Тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты: Бір таңбалы санға көбейту мен бөлу тақырыбын қайталап, оқушылардың білімдерін тиянақтау. Мәтінді есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың зейін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап қабілеттерін шыңдау. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жолдастық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, ұялы телефон ойыншығы, тірек сызбалар, парақшылар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Әдісі: сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аукцион сабағы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін.
2. Сабақтың ережесі түсіндірілді.
Олардың білімдері саудаға түседі, яғни сендерге тапсырма беріледі. Әр тапсырманың бағасы 1 - 5 ұпай беріледі. Сендер топпен ақылдасып сатып алып, орындайды. Қай топ көп орындаса, сол топ жеңімпаз аталады. Топ басшылары жинаған ұпайларын жазып отырады.
Ау, оқушылар қараңдар,
Менде түрлі есеп бар.
Тектен - текке бермеймін
Біліміңді тергеймін
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Әр топ мүшелері 1, 2, 3 дегенде ұпай саны жазылған сандардың біреуін көтереді.
Қай топтың саны үлкен сол топ бірінші жауап береді.
1 - слайд
ІІІ. Жаңа сабақ
2 - аукционға түсетін зат: Қарындаш
1. Ауызша тапсырма 2 - слайд
Ф 160: 2
Е 56: 8
О 150: 3
Я 25: 5
Т 81: 9
л 54: 9
Л 120: 3
Ұ 180: 9
Н 24: 8
Ы 32: 4
Е 63: 7
20 5 40 8 9 7 6 9 80 50 3
ұ я л ы т е л е ф о н
3 - слайд 3 - аукционға түсетін зат: Қалам
6 3