Балалар жазушылары

Скачать

Қазақстан балалар жазушылары модулі бойынша деңгейлік тапсырмалар
3 - деңгейлерге:
а берілген сөздерді аударыңдар: отансүйгіштік, пайдалы, көркем, білгірлік, еңбек сіңірген, қуанышқа бөлейді, мақсат, жарияланады, атасы, адамгершілік қасиеттер, ерекше, үлгі етеді, зерек болу, мейірім, саудагер.
ә сұрақтарға жауап беріп, сұхбат құрастырыңдар.
- Балалар әдебиеті деп қандай шығармаларды айтамыз?
-...............
- Балалар үшін тағы қандай шығармалар пайдалы?
-..............
- Қазақ балалар жазушыларының басында кім тұр?
-..............
- Балалар әдебиетін дамытуға еңбек сіңірген жазушыларды атаңдар.
-...............
- Балаларға арналған қандай басылымдарды білесіңдер?
-..............
- Балаларға арналған газеттерде, журналдарда қандай шығармалар жарияланады?
-..................

2 - деңгейлерге:
а берілген сөйлемдерді толықтырыңдар.
1. Балалар әдебиетін дамытуға еңбек сіңірген жазушылар:
2. Балаларға арналған журналдар:
3. Қазақ балалар әдебиетінің атасы -
4. Балалардың көркем әдебиеті кімдерден? басталады.
5. Олардың кімдердің? шығармаларын балалар сүйіп оқиды.
6. Балалар әдебиетінің шығармалары қандай? болу керек.
ә сызба бойынша балалар әдебиетіне сипаттама беріңдер

1 - деңгейлерге:
а Ыбырай Алтынсариннің Таза бұлақ әңгімесі бойынша сұхбаттасу
ә Балалар әдебиеті , Қазақстан балалар жазушылары тақырыбы аясында эссе жазу.

3 - деңгейлерге:
а берілген сөздерді өрбітіп жазыңдар. Мысалы: аңыз - көптеген аңыздар - көптеген аңыздар кездеседі. Мысал, әдіс, қақпан, қайыршы, перзент.

ә кестені толтырыңдар
Жалпы есімдер....
Жалқы есімдер....
Ыбырай Алтынсарин, ақын, жазушы, Айгөлек , Бердібек Соқпақбаев, әдебиет, Балдырған , балалар, ата, адамгершілік, Саттар Ерубаев, Өтебай Тұрманжанов, әйел, парыз, қанат, Сапарғали Бегалин, Көкшетау, Қызыл - жар, қала, ауыл, мейрамхана, спортзал, Мұзафар Әлімбаев.

2 - деңгейлер:
а Сапарғали Бегалиннің Бір табақ ұн, бір табақ арпа әңгімесі бойынша сұхбат құрастырыңдар.
- Таңертең шешем маған не ысытып берді?
-..........
- Күні бойғы қорегім не?
-.........
- Мектептен қайтқанда үйге қалай жетем?
-.........
- Үйге келіп не істеймін?
-...........
- Шешем маған нені жей ғой деді?
-..........

ә кестені толықтырыңдар.
№ Балалар жазушылары---------- Шығармалары
1. Ыбырай Алтынсарин
2. Сапарғали Бегалин
3. Саттар Ерубаев
4. Өтебай Тұрманжанов
5. Бердібек Соқпақбаев

1 - деңгейлер:
а Бауыржан Момышұлы туралы кластер құрастыру.

ә Балалар жазушылары туралы баяндау.
өмір сүрген жылдары, өмірбаяны, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин
Мұзафар Әлімбаев
Бауыржан Момышұлы
Сапарғали Бегалин
Саттар Ерубаев
Қадір Мырза Әли
Бердібек Соқпақбаев
Өтебай Тұрманжанов
Әбіш Кекілбаев


Скачать


zharar.kz