Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: Отбасым – бақыт мекені
Бөлімі: Өзін – өзі тану
Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасындағы өзара сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
- отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, аға – брат, апа – сестра.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері:
Біздің топта балалар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлаймыз.
Балалар шеңбер бойына жиналып, өлең жолдарын қосылып айтады.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік кезең
- Бүгін біз Өзін – өзі тану әлемінің картасындағы Отбасы аялдамасына тоқталамыз. Осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырып көрейікші.
Әңгімелесу.
* Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
- Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға - әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді күнім , айым , жұлдызым деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп айтып көрейікші.
Ә. Исқақовтың Кім ойлап тапқан? өлеңін оқып беріп, балалармен бірге қайталау.
Ойын: Айналайын, толғанайын!
Ойынға 4 - 5 баланы шығарып, көздерін орамалмен байлайды. Ата – аналар да ортаға шығып, әрқайсысы өз балаларын еркелетіп Ақылдым менің! Жарайсың! Күлімдеген бота көзіңнен айналайын! Қошақаным! Айналайын, құлыным! деген сөздерді айтады
Ойынның қорытындысы:
Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп – өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Әліппе – дәптермен жұмыс.
Дәптерге отбасылық сурет жапсыратындарын айтады. (Баяу әуен жіберіліп қойылады).
Е. Өтетілеуұлының Бес өлеңін жатқа сұрау.(1 - 2 баладан сұрау). Бес саусаққа ата, әже, әке, ана және өзінің суреттерін бір – бірлеп жапсыру.
- Отбасы мүшелерін атап шығыңдаршы.
- Ата, әже, әке, шеше, аға, апа, сіңлі, қарындас, іні.
- Балалар отбасымыздағы басшы кім? (әке)
- Әке
Дәйексөз.
Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік беру.
- Күннің шуағы бізге жылу таратады. Ал, аналарың сендерді жақсы көріп өз мейірімін таратады екен. Сендерді еркелетіп аймалайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады
Балалар ата – аналарының қалай еркелететінін айтады.
Айтылған сөздерді ести отырып, өз ата – анасын дауыстарынан таниды.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Балалар үйден әкелген отбасылық суретті дәптерге әдемілеп жапсырады.
Тақпақты жатқа айтып, тәрбиешінің тапсырмасын орындайды.
Рефлексивті - түзетуші кезең
Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, бірін – бірі құрметтей, сыйлай білуі керек. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Жүректен жүрекке
Балалар өздерінің жылы сөздерін отбасы мүшелеріне арнайды.
Балалар өзара оқу – іс әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.