Тізбек әрбір кейінгі мүшесінің алдынғы мүшесінің алдынғы мүшесіне қатысып орналасу ретіне қарай тізбек өспелі

Скачать

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Ордабасы ауданы, Бөген елді мекені,
Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Әшім Гүлнұр Оразбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласын пайдаланып есептер шығару.
2) Дамытушылығы: ойлау, есте сақтау, дайын формулаларды пайдаланып есептер шығара алу, баяндау тәсілін пайдаланып есептер шығару қабілеттерін дамыту,
3) Тәрбиелігі: Адамгершілікке, достық көмек көрсете білуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері
1) Деңгейлеп оқыту әдісі,
2) үй тапсырмасын тексеру
3) Топтық, ұжымдық жұмыс.
Оқу материалы бойынша өз бетінше ізденісі.
4) Сұрақ – жауап.
5) ойын – түрлері.
1) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Өтілген материалды сұрақ - жауап арқылы жауап беру.
. Тізбектің мүшелері дегеніміз не?
Жауабы: натурал аргументті функция санды тізбек, ал тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды.
 тізбек мүшелері қалай белгіленеді? (қандай әріппен )
Жауабы: тізбек мүшелері сәйкес мүшелердің индексі көрсетілген әріппен белгіленеді. (а немес с) яғни а1, а2, а3, а4,... аn,...
 Тізбекті қысқаша қалай білеміз?
Жауабы: Тізбекті қысқаша an=F(n) немесе аn деп белгіленеді.
 Тізбекшенің берілуі тәсілдері?
Жауабы: 1. Баяндау тәсілімен, сөзбен беріледі:
2. аналитикалық тәсілмен яғни формуламен п - ші мүшесі формуламен беріледі.
3. Ренуреттік тәсілмен беріледі мысалы (п+1) ш мүшесі п - ші мүшесі арқылы есептелінетін формула түрінде беріледі.
4. графиктік тәсілмен беріледі.
Мысалы: Сонда тізбектің графигі абсциссалары – натурал сандар, ал ординатасы – осы сандарға сәйкес тізбек мүшелерінің мәндері болатын нүктелерден тұрады.
5. Шектеулі және шектеулік тізбек дегеніміз не?
Жауабы: 1. Нольмен аяқталатын бүтін оң екі таңбалы сандар жиыны:
10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90,- шекті тізбек, ал 2) 1, 2, 3, 4, 5,;......, n,...... – шексіз тізбек болып табылады.
6. Өспелі және кемімелі тізбек дегеніміз не?
Жауабы: 1) Тізбек әрбір кейінгі мүшесінің алдынғы мүшесінің алдынғы мүшесіне қатысып орналасу ретіне қарай тізбек өспелі 1. аn+1 an болады.
Аn +, Аn – кемімелі тізбек деп аталады.
7. Тұрақты тізбек дегеніміз не?
Жуабы: Бір ғана саннан құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады.
Мысалы: 2, 2, 2, 2,......; 2;....
8. Арифметикалық прогрессия дегеніміз не?
Жауабы: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесінен бастап әрбір алдынғы мүшесінде қандайда бір тұрақты санды қосқаннан шығатын санды тізбекті арифметикалық прогрессия деп аталады.
9. Арифметикалық прогрессияның айырымы дегеніміз не?
Жауабы: Қосылатын тұрақты сан айырымы, d - деген әріппен белгілейміз.

4. Жаңа сабақ: Арифметикалық прогрессияның а, бірінші мүшесінің және d айырымын біле отырып, оның кез келген мүшесін табуға болады.
Мысалы: 4, 6, 8, 10,...... тізбегі берілген, айырым d - ны тауып аламыз.


Скачать


zharar.kz