Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы

Скачать

Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз атты үздік сабақтар бәйгесіне

Сабақтың мақсаты: Салмақ, салмақсыздық, асқын салмақ және жасанды ғаламшар серіктері туралы білімдерін нақтылау.
Өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың ғаламшарларды зерттеу техникаларының қызметі және тарихы және зерттеу мақсаты туралы ойлау қабілеттерін дамыту.
Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқытуда күтілетін нәтижелер: Салмақ, салмақсыздық, асқын салмақ, бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы білімдері қалыптасады.
Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күші арасындағы айырмашылық туралы білімдері толықтырылып, ойлау қабілеттері артады.
Жасанды ғаламшар серіктерінің қызметі, тарихы және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылындағы ғарыш саласында жеткен табыстары туралы мағлұматтар алады.
Сабақта қолданылатын 7 модульдің идеясы: Аралас, СТО, Не білемін? ,
Не білгім келеді? , Не білдім? стратегиялары. Жаңа білімді меңгерту.

I. Ұйымдас тыру
Ынтымақтас тық атмосфера сын қалыптас тыру.
- Егер сендер мектепке қуана - қуана келіп жүрсеңдер, оң қолдарыңды көтеріңдер.
- Егер сендерге еліміздің тағдыры маңызды болса, сол қолдарыңды көтеріңдер.
- Егер өздеріңді Отанымыздың патриотымыз деп есептесеңдер, екі қолдарыңды көтеріңдер.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Не білемін?
Әр топқа тапсырма беру.
I топқа: Күш
II топқа: Қозғалыс.
III топқа: Масса.

Оқушылардың үйге берілген тапсырманы қаншалықты білетіндігін анықтау үшін сұрақ түрінде тапсырмалар беріледі. Орындау реті мен критерийлерін анықтайды. Үй тапсырмасын қорытындылайды және бағалайды.

III. Ой қозғау. Не білгім келеді?
Кіріспе. Жаңа сабақты өз беттерімен меңгерту тапсырмалары.
Оқушыларға ғарыштың дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ғарышкерлер есімі мен тегіне байланысты ребус мен кроссвордтар берілген. Көпірден өт стратегиясы бойынша тез шешулері керек..
I топқа. Талғат
II топқа: Циолковский
III топқа: Кеплер
Оқушылардың Салмақ. Салмақсыдық туралы не білетіндік
терін білу үшін Ғаламшар серіктері тақырыбына ассоциация құру тапсырмасы беріледі.

IV. Мағынаны ажырату.
Жаңа Жасанды Ғаламшар серіктерінің қозғалысы. Салмақ салмақсыз дық тақырыбы бойынша білімдерін нақтылау мақсатында оқулық және ғылыми жобалармен жұмыс жасай отырып, мәтіндер бөлініп берілді.
Жаңа сабақты өз беттерімен меңгеруге бағыттайды. Қосымша толықтырулар жүргізіп отырады. Дәптерлеріне анықтамалар мен формулаларды жазыңдар.

V. Сергіту сәті.
Таза тақта ойыны:
Тақтада ғарышқа байланысты суреттер көрсетілген. Осы суреттердің болған уақыты және ҚР тәуелсіздігіне 25 жылындағы атқарылған ерекше оқиғалар дәл айтылса, жыл алынып, ең соңында таза тақта қалады.
1353 жыл, 1926 жыл, 1957 жыл, 1961 жыл, 1969 жыл, 1991 жыл, 1999 жыл, 2014 жыл, 2015 жыл

VI. Ой толғаныс.
Не білдім?
Оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты білгендігін меңгеру мақсатында тәжірибелер, эксперимент
тік тапсырмалар, беріледі.
I топ. Қарапайым телескоп жасау: картон,
қайшы, скоч, линза,.
II топ. Ғарышкер - робот құрастыру: Лего конструк
торы.
III топ. Қазақстанның Жерді зондтау жүйесін зерттеу. Компьютер (оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты білгендерін, берген жауаптарын тыңдайды. Топпен жұмыстарды бағалайды.
Нәтижеге қол жеткенін айтады.

VII. Үйге тапсырма.
Бүгін үй тапсырмасын өздерің таңдаңдар. Тақтада 2 түсті карточка бар.
№1. Жасыл түсті карточкада:
§17 “ Ғаламшарлар серіктерінің қозғалысы. 14 – жаттығу. № 4.
Қазақстандық ғарышкерлер реферат.
№2. Қызыл түсті карточкада:
18. “ Дененің салмағы. Салмақсыздық.” 15 - жаттығу №3, 4.
Байқоңыр – ғарыш айлығы реферат жазу.

VIII. Бағалау.
Топ басшылары белгілеген бағалау критерийлері бойынша оқушыларды бағалау.

IX. Рефлексия.

Стикерге: Күш тобына: Не ұнады?
Қозғалыс топ. Ұсыныстар. Тілектер.
Масса тобына: Білгім келеді?
Тақтаға стикермен Зерттеу техникасы Зымыранның суретін құрайды.
Білгенім - бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз .
Ары қарай жасайтыным.
Жақын арада жасайтыным.
Менің ертең жасайтыным.
Менің бүгін жасағаным.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Көкбұлақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Сары Жетібай Байнауырызұлы
Үздік ашық сабақ байқауына



Скачать


zharar.kz