Тақырыбы: Қысқы киімдер
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Тақырып бойынша мәтін құрастыра білуге, қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ - жауаптары, салыстыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, қима - қағаздар.
Болжамданған нәтиже: Оқушылар жаңа тақырыпты игерді, сөз тіркесін, сөйлем құрастыра біледі, сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Үй жұмысын сұрау.
2. Сұрақ - жауап жұмысы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ст. Болжау
2. Ст. Топтастыру
3. Сөздікпен жұмыс.
4. Ст. Үш оқу ұстанымы
5. Ойлан, тап ойыны
6. Сергіту сәті
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Ст. Ішіне - сыртына
2. Жаттығулармен жұмыс.
3. Сәйкестік тест
4. Сөйлемдерді толықтыру.
V. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.
1. Оқып үйрен.
2. Ойлайық та, ойнайық
3. Оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу, дайындықтарын тексеру.
3. Психологиялық ахуал тудыру.
Аспайық, саспайық
Қиындықтан қашпайық.
Білгенімізді ортаға сап,
Сабағымызды бастайық.
Бағамызды алайық.
ІІ. Өткенді қайталау.
1. Үй тапсырмасын сұрау.
2. Қима қағаздар арқылы қорытындылау.
А) Адамның қандай дене мүшелері бар?
Ә) Адамға қол не үшін керек?
Б) Адамға аяқ не үшін керек?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ст. Болжау
1. Балалар суреттен не көріп отырсыңдар?
2. Қандай киімдер көріп отырсыңдар?
3. Балалар қалай киінген?
4. Киімдердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Мұғалімнің сөзі.
Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз балалар Қысқы киімдер
Күн суыта бастады, адамдардың барлығы жеңіл киімдерін шешіп, жылы киімдерін кие бастады. Алда суық қыс келе жатыр. Біз қыста қалай киінеміз?
Мұғалімнің сөзі: Балалар қыс суық болғанымен жылдың ең тамаша мезгілі. Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Адамдардың барлығы жылы киімдерін киеді.
Қыста біз қандай киімдер киеміз?
Пән мұғалімі: Даулетбаева Алия Айтбайқызы
Қысқы киімдер. жүктеу