Ынтымақты отбасы сайысы
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың бір - біріне деген қарым - қатынастарын байқау. Салт - дәстүрді дәріптеу.
Барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Қазіргі отбасындағы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата - баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу. Халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.
Бүгін біз Ынтымақты отбасы сайысын өткізгелі отырмыз.
Бүгінгі бағдарламада:
1. Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер (Өзін - өзі таныстыру)
2. Ата мұра – асыл қазына (салт - дәстүр сұрақ)
3. Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер (баламен бірге іс істеу)
4. Мақал - мәтел сайысы (балалар отбасы туралы мақал айтады)
5. Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю
6. Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілерсің (отбасындағы әдетке айналған іс - шаралар)
7. Халық тәлімі - тәрбие бастауы (ситуациялық сұрақтар)
8. Қорытынды.