Сыныптан тыс іс - шара
Тақырыбы: Көшеде сақ бол!
Мақсаты:
1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;
3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жолбелгілері, жолтаңбалары, бағдаршам, суреттер.
Уақыт бойынша ұйымдастыру:
Мұғалім - 15 мин.
Бірінші көрініс - 5 мин.
Слайд арқылы ақпарат беру - 7 мин.
Екінші көрініс - 7мин
Слайд арқылы ақпарат беру - 6 мин.
Барысы.
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінде қалада, көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі - қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет етеді.
Көшенің тәртібін үйде ата - ана ескерсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды.
Мұғалім: Оқушыларға сұрақ.
1. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындайсыздар ма?
Мұғалім: Ал енді мына сұрақты бақылап көрейікші, сендер білесіңдер бұны.
2. Автокөліктің бірінші шыққан елін білесіздер ме?
(Европада, Франция 1769 - 70 ж бумен жүретін двигатель шықты, паровый , ал іштен жану двигателі внутреннего сгорания Германияда 1885 - 86 ж шықты.
Мұғалім: Енді мына сұрақты тыңдаңыздар.
3. Қазіргі замандағы автокөліктің ең үлкен жылдамдығы қандай?
Жарысқа қатысатын автокөліктердің жылдамдығы қандай?
(300 км сағ.)
(Гоночные 1020 км сағ.
Шумахерді білесіңдер ме?
Мұғалім: Бағдаршам және жол белгілері туралы мынандай материалдарды сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
Тарихқа көз жүгіретін болсақ, жүріп - тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді.
Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды.
Кейінірек, 1870 жылы америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдар шам 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылады.
Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
Мұғалім: мына сұрақтарға жауап беріңіздер, сіздердің күнде көріп жүрген жол белгілеріңіз жайында.
5. Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? Неше түрі бар? Қане білесіздер ме, айтыңыздар.
Мұғалім: Енді мына белгілерге көңіл аударыңыздар. Бұл қандай белгі?
1. Ескерту белгілері (Предупреждающие знаки)
Мұғалім: Енді мына белгілерге көңіл аударыңыздар. Бұл қандай белгі?
2. Басымдылық белгілері (Знаки приоритета)
Мұғалім: Енді мына белгілерге көңіл аударыңыздар. Бұл қандай белгі?
3. Тыйым салатын белгілері (Запрещающие знаки)
Мұғалім: Енді мына белгілерге көңіл аударыңыздар. Бұл қандай белгі?
4. Алдын - ала жазылатын белгілер (Предписывающие знаки)
Мұғалім: Енді мына белгілерге көңіл аударыңыздар. Бұл қандай белгі?
5. Ақпараттық көрсеткіштік белгілері (Информационно указательные знаки) Оқушылар:
Мұғалім: Енді мына белгілерге көңіл аударыңыздар. Бұл қандай белгі?
6. Сервис белгілері (Сервисные знаки)
Мұғалім: Енді мына белгілерге көңіл аударыңыздар. Бұлқандай белгі?
7. Қосымша - ақпарат белгілері (Знаки допалнительной информации)
Мұғалім: Біздің еліміздің жол тағдырына ой жүгіртетін болсақ, мынандай жайттарға көңіл аударайық.
Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе - келе жолдың қажеттілігі туды.
Ресейде алғаш жолдар 1 Петр кезінде салына бастаған.
Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қарап тұрсақ жол ережесінің қажеттілігі осы кезеңнен басталған.
Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол болатын.
Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы 30 000 (отыз мың) км болды.
Ал қазір 8 000 000 000 (сегіз мың миллион) км - ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы!
Мұғалім: мына сұраққа ойланып көріңдерші.
4. Қазіргі кезде Астана қаласының халқының саны қанша деп ойлайсыздар?
(750 000 адам)
Мұғалім:
5. Астана қаласында көлік саны қанша?
(Қала шетінен келетін көліктермен, қала ішіндегілерін қосқанда 420 000 көлік)
Осындай жағдайларды біле тұрып, көшеде жол ережесін сақтаған дұрыс па?
Мұғалім: Ендігі сахнадан тамашалайтындарыңыз СКХ - 2 тобының осы кешке дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.
1 - көрініс Өзің сондайсың
Қатысушылар - екі оқушы Оқиға жол қиылысында өтеді.
Автокөлік жүргізушісі жаяу жүргінші өтпесіне келіп тоқтайды, өтпеден өтіп келе жатқан адам өте маңғаз екен, содан шыдамы таусылған көлік жүргізушісі шыдамы таусылғанын, қолымен және бет қимылымен көрсете бастайды. Жолды маңғазданып өтіп болған жаяу жүргінші, жолдың шетіне келіп, көлік жүргізушісіне бұрылып Өзің сондайсың - деп жүріп кете береді.
2 - көрініс: Май қызметкерінің бос уақыттағы жұмысы
Қатысушылар: 5 оқушы.
Көркемділігі: жол белгілері және май қызметкерінің киімі, ала таяғы.
Оқиғаның барысы: Ән ойнап тұрады. Май қызметкері сахнаға шығып, ала таяғымен сол әнді тыңдап, қимыл жасап тұрады. Содан келген жүргізушілердің бәріне тиісе бастайды. Соңында қалтасы ақшаға толып шығады.
Мұғалім: Енді құрметті оқушылар Астана қаласының көше қиылыстарында болған мына оқиғаларға назар аударайық.
Қысқа фильмдер Жол қиылысындағы қауіпті оқиғалар
Слайдты қолданып фильмді көрсету.
Мұғалім:
Көрген көрініс және фильмдер жайында қортынды жасау.
Көрермендерге көрініс жайында сұрақ қою.
1. Осы оқиғалардан бақылағандарыңыз біреудің кінәсінен айдаладағы біреу жапа шегіп жатыр, осы дұрыс па?
Мұғалім: Құрметті оқушылар!
19 ғасырдан бастап техниканың өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп - тұруымызға қиындық туды. Сондықтанбізгекөмектесумақсатындажолережесізаңдарыбағдаршамдардүниегекелді. Алдағы уақытта құрметті оқушылар сіздерден сұрарым қаламыздың көшелерінде жол ережесін қатаң сақтап, бағдаршамдарға аса көңіл бөліп отыратын болсақ қайғылы оқиғалардың тізімін азайтуға атсалысқанымыз болып саналады.
Уақыт бөліп назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!