Тақырып: Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің технологиялық картасы
Әдістер Салыстыру, түсіндіру
Қос тілділік Ұзын - длинный, қысқа - короткий, сол - левый, оң — правый
Сөздік жұмыс Оң жақ, сол жақ
Көрнекіліктер Ұзын - қысқа заттар, шаршы
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Амандасу рәсімі.
Ал балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытқан не керек,
Көңілді болып жүрейік.
Жарайсыңдар, балалар, бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер.
Орнымызға жайғасып отырайық.
Балалар мен сендерге бір ертегі айтып берейін.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Ертеде байдың үш қызы болыпты. Үлкені Айнұр - ең ұзыны ортада, ортаншысы Айгүл - аласа бойлы оң жақта, кішкентайы Айжан - ең тапалы сол жақта.
Ең ұзын қыздың аты кім? (Айнұр)
Айгүлден қысқа қыздың аты.
Үлестірме материалмен жұмыс.
• Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап тауып, олардың үйлеріне жол салыңдар.
• Оң жақ, сол жақ ұғымдары туралы
• айтылады.
Биік үй қай жақта? (оң жақта)
Одан аласа үй қай жақта? (ортада)
Ең тапал үй қай жақта? (сол жақта)
Бір күні қыздар орманға жидек тере барыпты. Орманға барар жолда өзенге тап болады қыздар. Өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша екен де, биігі қарағай екен.
Суреті тақтаға ілінеді.
• Шырша қай жерде өсіп тұр? Қарағай ше?
Орманда қыздар нені кезіктіргенін жұмбақ шешу арқылы табыңдар
Үсті толы инелер,
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түймені. (Кірпі)
Бұтақтарға секіріп
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді. (Ақтиін)
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Исатай селосы
Исатай орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі
Кабдулова Салтанат Касымгалиевна
Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта. жүктеу