Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың Ананың анасы әңгімесіне талдау
Сабақтың мақсаты:
1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып, ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау.
2. Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру.
3. Өз халқының салт - дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, тұжырымдамалық карта, СКТ, кейіпкерлерге хат, ойтолғау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд көрсетілімдері, бағалау парағы, кері әсер парағы, семантикалық карта, Де Бононның қалпақтары.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
2. Топқа бөлу (ән аттары бойынша) Анашым , Ана , Асыл әжем
3. Бағалау парағымен таныстыру
II Үй тапсырмасын сұрау:
1. Тұжырымдамалық карта
Бағалау критерийлері:
1. Тақырып таңдай білуі;
2. Негізгі ойдың ашылуы;
3. Тіл байлығы, сөз қолданысы;
3. Әңгімедегі эпизодтық суреттің бейнеленуі
Қызығушылықты ояту. Бейне ролик
Ой қозғау әдісі бойынша сауалдарға жауап алу.
Көз алдыңызға ең жаныңа жақын адамды елестетіңдер.
Кім қандай ой (кім туралы) түйді?
Топтастыру әдісі
Ана
Ана деген – асқар тау таусылмайтын,
Ана деген – айдын көл тартылмайтын,
Ақындардың жыры ол таусылмайтын.
III Жаңа сабақ
Ендеше, бүгінгі сабағымызды Ғ. Мүсіреповтың Ананың анасы әңгімесін
Аңыз адам атты ауызша журналы түрінде өткізетін боламыз. Журналымыз:
1. Білім көкжиегі
2. Адами қасиеттер
3. Жазушы шеберлігі
4. Ақиқатын айталық!
5. Хат жолдаңыз! атты айдарлардан тұрады.
Журналдың әр бетін парақтай отырып, әрбір айдардағы тапсырмаларды орындайтын боламыз.
1. Білім көкжиегі айдары. Балалар, журналымыздың бұл айдарында сіздер зымыран сұрақтарға жауап бере отырып, әңгіменің композициялық құрылымын талдай аласыздар. Олай болса, іске сәт!
Зымыран сұрақтар 10 сұрақ әдісі (бармақпен бағалау)
Көркем шығармаға сатылай - кешенді талдау.
Шығарма авторы:
Түрі:
Тақырыбы:
Идеясы:
Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы:
2. Сюжеттік байланыс:
3. Шиеленісуі:
4. Шарықтау шегі:
5. Шығарманың шешімі:
6. Шығармадағы кейіпкерлер:
7. Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай, тымақтай, етектей сақалы, жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап, ұршықтай ойнап. т. б эпитеттер: шаңқай түс, найза бойы, құлан тұяқ, тобылғы торы т. б
8. Дисфемизмдер:
9. Көнерген сөздер:
2. Адами қасиеттер айдары.
Журналымыздың “Адами қасиеттер” айдарында шығармадан алынған үзінділер арқылы кейіпкерді тауып, іс - әрекеттерін саралай отырып адами қасиеттерін айқындай аласыздар. Кім шапшаң екен? Байқап көрелік!
Әңгіме кейіпкерлерінің адами қасиеттерін іс - әрекеттері арқылы саралайық!