Біз қандай дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, оқуға үйрендік

Скачать

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді - өзің тексер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушылардың алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға мүмкіндік жасау;
Сабақтың дамытушылығы: байланыстырып сөйлеу тілін, дұрыс жазу, дұрыс оқу қабілеттерін дамыту;
Сабақтың тәрбиелігі: адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба, қима қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілі – өмірің де өлең де
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге
Қазақ тілі - - болашаққа жетелеп
Ұрпақтарды танытады әлемге

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4 - жаттығу тексеру, оқу.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру. Жеміс жинау ойыны алмаларды тиісті сауытқа салу.

Біз қандай дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, оқуға үйрендік? Олар қандай дыбыстар?
Ү. Өзіндік жұмыс: а). Кіріспе сөз. ә). дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу
ҮІ. Кітаппен жұмыс. 5 - жаттығу. Жатқа жазу. Өлеңді екі – үш рет қайталап оқып, жатқа жаз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау, жатқа сұрау, тыныс белгіге мән беру, жатқа көшіру.
2. Сен де Отаныңды қорғауға дайынсың ба?
Ұлан - байтақ жерімді,
Ұлан – байтақ елімді
Қорғап тұрған сенімді –
Армиямыз қаһарман!
6 - жаттығу. Көркем жазу. Ақпараттық ізденіс.
1. Мәтінді дауыстап оқу арқылы жазуға дайындал. Форзацтағы екінші нұсқауды басшылыққа алу, көшіру. 2. Әбу Насыр кім болған? Ол қай жерде дүниеге келген?
Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Х – қатаң дауыссыз дыбыс Ф – қатаң дауыссыз дыбыс
о – д ауысты дыбыс а – жуан дауысты дыбыс
р – үнді дауыссыз дыбыс р – үнді дауыссыз дыбыс
а – жуан дауысты дыбыс а – жуан дауысты дыбыс
с – қатаң дауыссыз дыбыс б – ұяң дауыссыз дыбыс
а – жуан дауысты дыбыс и - дауысты дыбыс
н - үнді дауыссыз дыбыс
ғ – ұяң дауыссыз дыбыс
а – жуан дауысты дыбыс

Сергіту сәті
7 - жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мақалдың сыңарын табу, оқу, мағынасын ашу, көшіріп жазу.
Жақсының аты өлмейді,... Халқы оған тіреу.
Әркімнің өз туған жері -... Ынтымақ халықты асырар.
Ел басы – біреу,... Мысыр шаһары.
Ұрыс ырысты қашырар,... Ғалымның хаты өлмейді.
Қарамен жазылған сөздің түбірін ата.

ҮІІ. Бекіту: Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар тарату.
№1. Ф әрпі бар 4 - 5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.
№2. Х әрпі бар 4 - 5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.
№3. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?
№4. Халық сөзі бар 2 мақал жаз.
№5. Ц әрпі бар 4 сөз жаз оларға дыбыстық талдау жаса.

ҮІІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Х, һ, ц, ч, щ, ш дыбыстары қандай дыбыстар? Олар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?
ІХ. Үйге тапсырма:
Оқушыларды бағалау


Скачать


zharar.kz