Тіл ұстарту (вариативтік )2 сынып
Тақырыбы: Табиғат сұлулығы Абай шығармаларында
Мақсаты: Абай туралы кеңінен танысу
Міндеттері: а) Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін тыңдай отырып, айналадағы көркемдікті нәзік сезініп, шебер бейнеленген өлеңдері арқылы композиция құрып, шығармашылық құру.
ә) Абай өлеңіндегі табиғат сұлулығын сезіне отырып сүюге тәрбиелеу. Өз Отанын құрметтеуге баулу.
б) Өнер пәндері бойынша табиғаттың ғажайып сұлулығын қиялдау, есте сақтау, тыңдау, үйрену, орындау қабілетін дамыту.
Пән аралық байланыс: Музыка, Әдебиет, Бейнелеу өнері
Көрнекілігі: Абайдың портреті, үлестірме қағаздар, бояулар, сызбалар...
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Әр ұлттың дәстүрі бойынша амандасу.
Қазақтарда - қол алысып, төс қағысып амандасады.
Үндістанда - қол қусырып, тізесін бүгеді.
Зимбабада - бөксені түйістіріп, қол шапаттайды.... т. б
2. Топтастыру жұмыстары
а) Оқушыларға А4 көлеміндегі парақтағы 4 мезгілдің қиынды суреттері беріліп, оларды құрастыру арқылы топтастырамын.
ә) Әр топ өздеріне тиесілі жыл мезгілдеріне жиынтық сипаттама береді.
3. Психологиялық жағдаят
Оқушы өзі отырған топ атауы бойынша бойындағы мінезін жыл мезгіліне сәйкестендіреді. Мәселен:- Мен үнемі жаз мезгіліндей жайнап жүремін...
4. Сабақ желісін хабарлау
М:- балалар, біздің бүгінгі сабағымыз әдеттегіден ерекше табиғат аясында өтпек. Бәріміз жайғасып отырып алсақ, мына өлең жолдарына назар аударайық. (Өлең оқылады)
- Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті әсері мені оятар... немесе,
- Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай,
Қыстың басы бір ерте, біреуі жәй...,
М:- бұл кімнің өлеңі жолдары?
О:- бұл ұлы ақынымыз Абай атамыздың өлең жолдары
М:- әрине, атамыздың басқа қандай ән, өлеңдерін білесіңдер?
- Абай өлеңдері көбіне қандай тақырыпқа арналған? (оқушылардан жауап алынады.)
4 1. Негізгі бөлім
- Ия, балалар, Абай - алғаш қазақ әдебиетіне табиғат лирикасын енгізді. Ол жырлаған табиғат түр жағынан, мазмұны жағынан да ерекше, өзгеше. Ол елін ерекше сүйіп, елінің қамын ойлай білетін, туған табиғат пен адам өмірінің шексіз байланысын сезінген, ұлылықпен жырлай білген. Олай болса, Біздер өлеңдерін оқи отырып, Абайды кім деп білеміз? - Абай атамызды біз ақын дейміз.