Нұржан Керменбаев - Мың сұрақ
Көзінен маxаббатың мұң құлап,
Мазалайды күні түні мың сұрақ.
Мен біреудің арманы боп жүргенмен,
Менің де бар бір
Қоспаған тағдыр
Аңсағаным жырақ.
Жаралы, жаным жаралы
Көңілімнің қайда қалауы?
Бар әлі қанша сауалы
Жауабы қиын?
Сезімнің сөнбес алауы,
Төзімімді өртеп барады.
Табады қашан табады,
Бір түйін?
Қ - сы
Білмеймін өзімде
Таңдандым ба?
Алдандым ба?
Тым биік сезімге,
Мен байланып қалғанмын ба?
Бір күйік көз ілмей
Бұлқынады!
Ұмтылады!
Білмеймін өзімде,
Бұл күйіме кім кінәлі?
Білмеймін өзімде
Білмеймін өзімде,
Шарасыз шерге толған от кеуде,
Жұбаныш та, қуанышта жоқ мен де.
Жалғыз қалып асу бермес өткел де,
Қалай көнемін деп
Қарай беремін тек
Өкініп өткенге.
Жаралы жаным, жаралы
Көңілімнің қайда қалауы?
Бар әлі қанша сауалы
Жауабы қиын?
Сезімнің сөнбес алауы
Төзімімді өртеп барады.
Табады қашан табады
Бір түйін?
Қ - сы
Білмеймін өзімде!
Таңдандым ба?
Алдандым ба?
Тым биік сезімге,
Мен байланып қалғанмын ба?
Бір күйік көз ілмей,
Бұлқынады,
Ұмтылады!
Білмеймін өзімде,
Бұл күйіме кім кінәлі?
Әні: Данияр Шеңгелбаев
Сөзі: Ринат Заитов