Қайталау
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор
Сабақтың жабдығы: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар:
Оқыту нәтижесі мақсаты мен міндеттері: көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру, шапшаң есептеуге үйрету, есептердің шешуін табуға үйрету.
1. Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру
2. Дамытушылық: оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру.
Сабақ түрі: қайталау
Көрнекіліктер: кесте, қималы карточкалар,
Әдіс - тәсілдер: топтық, өзіндік
Топқа бөлу
Өткен сабақты пысықтау
Жолсеріктерге жолаушы билеті беріледі.
1-билет - 20 және 40 сандарының көбейтіндісін 200 - ге бөл.
2-билет - Шаршы дегеніміз не?
3-билет - Параллелипипедтің көлемін қалай табады?
4-билет - Жоғарыда 21 кітап, төменде 7 кітап болса, онда жоғарыдағы кітап төмендегі кітаптан неше есе артық?
Тақтамен жұмыс
1) Біліміңді толықтыр.
1-топ. 14*5 3 топ. 60*43
2-топ. 210: 14 4 топ. 2580: 60
2) Ойшылдар
1-топ. Шебер 1 сағатта – 20 бұйым, ал шәкірті 15 бұйым жасайды. Олар екеуі бірігіп 3 сағатта неше бұйым жасайды?
2-топ. Бір тәулікте ересек адамның өкпесі арқылы 20кг, ал баланың өкпесі арқылы 10кг ауа өтеді. 1 аптада олардың өкпесі арқылы неше кг ауа өтеді?
3-топ. 20кг қаймақтан 4 кг май алуға болады. 50 кг қаймақтан неше кг май алуға болады?
4-топ. 12 кг сарымайдан 9 кг қорытылған май алуға болады. 72 кг сарымайдан неше кг қорытылған май алуға болады?
3) Қарлы кесек
1-топ. 6т 8ц * 7т 80кг, 50км 100м * 5100 м
2-топ. 25*10+25*7 * 17*25, 120: 4 * 2*3*6
3-топ. 6м 59 см * 5м 55см, 35 ц * 5т 3ц
4-топ. 28*6*10 * 28*60, 80*(5+4) * 80*5+80
4) Теңдік
1 топ. 10*х=8*25 -------------------- х: 20=4800: 80
2 топ. (х - 380)*50=2000 ----------- (х+8): 70=4
3 топ. 640:(25 - х)=40 ---------------- 40*х=1200
4 топ. Х+1025=2220 ----------------- 2700:(х - 12)=90
5) Алға
Оқушыларға жабық, толықтыру, сәйкестендіру тесттері беріледі.
Сергіту сәті 6) Бірлік
4 топқа логикалық тапсырмалар беріледі.
Сабақты бекіту 7) Бәйге
4 топқа ортақ сұрақтар қойылады.
Бағалау 8) Математика патшалығы
Оқушыларға диплом ұсыну
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Үйге тапсырма №3, 4
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№ 19 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Тулеуова Зарина Нурлибековна