Бағалау арқылы тақтадағы ашықжурналға және оқушының жеке журналына қою

Скачать

Химия 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий
Сабақтың түрі: аралас сабақ
1. Сабақтың мақсаты:
білімділік: сілтілік металдарға жалпы сипаттама беру, қолданылу мен биологиялық маңызын түсіндірі
тәрбиелік: өз бетімен топтық және жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуі нәтижеге жетуге, білім бәсекесіне түсуіне, өзінде шығармашылық
ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
дамытушылық: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес құзырлығын дамыту.
2. Сабақтың мазмұны: І - ІІІ кезеңдегі тапсырмалар
3. Сабақтың әдіс - тәсілі: І кезеңде сұрақ - жауап; ІІ кезеңде
а) оқулықпен жұмыс;
ә) дискуссия
в) практикада бекіту әдісі; ІІІ кезеңде – үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен орындату арқылы бағалау әдістері.
4. Сабақтың формасы: І кезеңде – фронтальды жеке ІІ кезеңде - топтық, фронтальды, ұжымдық
ІІІ кезеңде - жеке.
5. Сабақтың көрнекіліктері: жұмыс дәптері ашық журналдар, оқулық - слайдтар, тақта, оқулық,

Сабақтың өту барысы:
І кезеңде а) ұйымдастыру;
б) үй тапсырмасын тексеріп, тақтадағы журналға белгілеу;
в) көпір тапсырмаларын тексеру.
ІІ кезеңде а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Бағалау арқылы тақтадағы ашық
журналға және оқушының жеке журналына қою.
б) мұғалімнің көмегімен натрий және калий металдарына және олардың қосылыстарына байланысты дискуссия жүргізуі.
в) тақтамен оқулықпен жеке жұмыс.
ІІІ кезеңде - дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды журналға белгілеп отыру, жиналған алғашқы ұпайлармен қорыту, жеке журналдарына тіркету қалған тапсырмаларды үй аяқтап келуге беру.


Скачать


zharar.kz