Белең ана

Скачать

Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Белең ана – Жошының екінші қызы. Оны қарахандар әулетінен шыққан, Тараз бен Қашқарды билеуші Арыстан ханға ұзатқан. Шыңғыс ханның мұндағы мақсаты қалың ягма (жалайыр) елін билеген Арыстан ханды өзіне жақын тарту екен. Алайда көп ұзамай, Арыстан хан Қашқарға барған соң, оны сол қаланың әмірлері өлтіріп, Белең жесіп қалып, әпкесі Болған ананың қасына келген. Мәшһүр Жүсіп Көпеев Бұрынғы заманда Түркістанда Талмас ата деген әулие болған. Бәйбішесінің аты – Болған, тоқалының аты – Белең. Кенже тоқалының аты – Ақбикеш. Болған – Ана Сарысудың бас жағында, Белең ана Сарысудың аяқ жағында, Ақбикеш Қаратауда қоныстанған, - дейді.
Бұл көне қаланың Ұлытау өңіріндегі қираған үйінділер (13 - 14 ғасыр) Сарысу өзенінің бойында жатыр. Бұл қаланың аты алғаш рет Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы туралы жазбада кездеседі. Жошы ұлысының Ақ Орда бөлігін билеген Орда Еженнің екінші ұлы Құлидың әйелін Белеңхатун деп атаған. Плано Карпинидің Монғол империясына саяхаты жайлы жазбаларында Шыңғыс хан ұрпақтарының бірнеше әйел алғандығы және олардың Орданың белгілі бір бөлігіне иелік етіп, билік жүргізгендігі жайлы айтылады. Осылардың негізінде Белең ананы Ақ Орданың ең алғашқы ханы болған Орда Еженнің келіні деген мәлімет береді.
Қираған қаланың үйінділерінің аумақты көлеміне қарап, оның өте үлкен қала болғаны көрінеді.
Белең ана алдағы уақытта зерттеуді қажет ететін тарихи маңызы зор күрделі ескерткіштердің бірі.


Скачать


zharar.kz