Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:
Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту, Ата Заңымыздың 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен таныстыру, мемлекетіміздің нышандарының аса маңыздылығын ұғындыру.
ә) дамытушылығы:
Оқушылардың ой - өрісін, танымдылық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі:
Оқушыларды отаншылдыққа, елжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу. Азаматтық міндеттердің бірі – ел нышандарын құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерімен бірлігі жарасқан ел болуға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Ән, дүниетану
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты таныстыру
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
а) Сәлемдесу
- сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Енді міне, сіздер 1 сыныпты аяқтап, 2 сынып оқушылары атандыңыздар. Кішкене болса да, ержеттіңіздер.
ә) Психологиялық дайындық
- Балалар, сіздерді өмірде не таң қалдырады? Айналаға көз жүгіртсек, таңғалатын жайттар көп екен. Мәселен, мен күнге таңғаламын. Өйткені, күн нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты бізді аялап, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа бөлегендей.
(Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды)
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
- міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.
II. жаңа сабақты таныстыру
б) қызығушылықты ояту
- Сонымен, балалар біздер қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?
Қазақстан Республикасы
- Өте жақсы. Еліміздің астанасы қай қала?
- Астана.
- Дұрыс еліміздің астанасы – бұл Астана қаласы, яғни Отанымыздың бас қаласы. Ол – Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
в) топтастыру
- Ал осы Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Тәуелсіз, азат, егеменді, бейбіт ел, көп ұлтты мемлекет, жері кең
- Өте дұрыс балалар Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Еліміздің бас қаласы астанамыз Астана қаласы.
- Жоғарыда балалар Қазақстан көпұлтты мемлекет дедік. Көпұлтты деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Яғни, біздің қазағымыздың кең даласында көптеген ұлттар тұрады екен. Орыс, татар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Міне осындай татулықтың белгісі Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті - кеңесші орган. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмай сың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
г) 5 жолды өлең
Қазақстан
Тәуелсіз, егеменді
Гүлденеді, дамиды, әдеміленеді.
Туып өскен – туған жерім
Мекенім
III. Сергіту сәті
Туған жер туралы ән айту
Елім менің өлеңінің бір шумағын әнімен айту.
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің
Таси берсін ырысың
ғ) әңгімелеу
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ - дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата заңым құт сыйладың еліме!
- Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыздың мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің орасан зор екенін байқаймыз. Ендеше барлығымыз 30 тамыз күні Ата заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының неше жылдық мерейтойын тойладық? 15 жылдығын атап өттік
- Балалар, осы Жер атты планетада әр адамның ең ыстық, жүрегіне жақын орны бар - ол оттан да ыстық Отаны. Отан! Қандай керемет, қандай ыстық, сүйіспеншілік пен мейірімге толы ғажап мекен! Біздің еліміз, атамекеніміз – Қазақстан Республикасы.
Атамекен деп аталу себебі мұнда ғасырлар бойы біздің ата – бабаларымыз өмір сүрді, осы киелі топырақты мекен етті. Туған жер деп аталу себебі біз осы жерде туылдық, барлығы біздің туған тілімізде сөйлеседі, осында барлығы біз үшін ыстық, жүрекке жақын, таныс. Шарты: сол жағымдағы оқушыға немесе ата – анаға сол қолымды бере тұрып, мен сізге жаңа оқу жылында жаңа табыс, терең білім, тамаша жетістіктер, жақсы қарым - қатынас, мол қуаныш, қажымас – қайрат, күш жігер, боашаққа сенім, зор денсаулық, құтты қадам, табысты оқу жылын тілеймін.
IV Қорыту саралау, сараптау