Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Туған елі туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиеленіп, өздік жұмыс жүргізу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, тіл дамыту, сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын, зейіндерін сабаққа аудару.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Мәнерлеп оқыту
2. Сұрақтарға жауап алу
3. Оқушыларға бірін - бірі бағалату.
Сөз мерген ойыны.
- Мерген сөзін қалай түсінесіңдер?
- Мергендік туралы сұрақ – жауап алу.
- Оқушыларды үш топқа бөлу
- (оларды жұлдызша арқылы бағалау)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ақкөл жағасында Әмірхан Абдуллин
- Автор туралы мағлұмат беру.
- А. Байтұрсынұлы кім? Тірек – сызбамен жұмыс
А. Байтұрсынұлы – аса ірі ғалым, қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, ақын және аудармашы, ұстаз, әдебиет теоретигі, мемлекет қайраткері, ел - жұртының абзал аза¬маты. 20 - ғасырдағы Қазақстанда инновациялық педагогикалық идеялардың дамуы А. Байтұрсынов атымен байланысты.
А. Байтұрсынұлы туған халқы үшін, елінің болашағы үшін күрескен азамат ретінде тым ерте танылды. Қазан төңкерісіне дейін қауіпті адам ретінде өкімет көзіне ерте шалынып, өмірі үнемі қауіп - қатерде болды. Ақ патша заманында да, қызыл империя оны тек қуғын - сүргін, түрме төрі қарсы алып, аттаған әрбір қадамына бақылау орнатып еді. Көп жылдар бойы халық жауы ретінде туған халқымен араласа алмай, тіпті есімі ұмыт қала жаздағаны жасырын сыр емес. Күрескер, қайраткер, ақын – жазушы, ағартушы, тұла бойы адамгершілік, адалдықты сыйғыза білген А. Байтұрсынұлы ХХ ғасыр ұрпағымен қайта араласты.
І бөлім. Мықты болсаң тауып көр
- Ныспым - өз атым немесе есімім
- Көшір - арба айдайтын адам
- Тарантас - күйлі адамдар мінетін төрт аяқты арба
ІІ бөлім. Жүйрік болсаң шауып көр
- Мәтінді оқу.
- Мәтінде бұрын естілмеген сөздермен жұмыс.
- Бадрисафа кім?
- Ахметке мінездеме беру. Бадрисафа
- Әңгімені бөліктерге бөліп, жоспар құру. Берілген сөздерді мәтіннен тауып, бөлімге ат қою.
1-топ арба жүгіріп отырғызды
2-топ аттас Ақкөл мәре - сәре
3-топ қарт әңгімелеп естіген
ІІІ бөлім. Сергіту сәті. Кім шапшаң? математикалық жұмбақтар
- Топ торғай ұшып келіп, бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір - бірден қонса, бір торғай артық, ал екі - екіден қонса, бір бұтақ артық қалады.
Торғай нешеу, бұтақ нешеу? (4 торғай, 3 бұтақ)
- Кітапханада 3 бөлме,
Әр бөлмеде 10 шкаф.
Әр шкафта 5 сөре,
Санай алсаң егер де,
Айтып берші анықтап? (3*10*5=150)
- Секем ап бір дауыстан,
Қанша болды сөресі.
Безектеп бес сауысқан
Үш үкі үркіп ұшты,
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ,
Отырғанда қатарлап,
Топ тоғыз тоқылдақ,
Қарғып кеткен топырлап
Сөйтіп қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды? (5+3+7+9=24)
ІV бөлім. Ойлы болсаң озып көр Шығармашылық тапсырма
Ұланымын,
Ойлап өскен ертеңді.
Тәуелсіздік
Құттықтаймын сіздерді!
- Оқушылар өз ойларынан жұмбақ немесе жаңылтпаш құрастыру.
Сөзжұмбақ
Өшпес өмір өнегелері тарауында әдебиет пен өнерге өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың атын дұрыс тапсаң, атақты ақын есімі шығады.
1. Абай жолы романының авторы.
2. Фамиялиясын Қырғызбаев деп өзгерткен кім?
3. Қайран шешем күйін шығарған атақты күйші
4. Атақты қазақ палуаны
5. Біреуге жақсылық етсең, жақсылығыңды міндет етпе деген кімнің сөзі?
6. Орындалған арман әңгімесінің авторы
ІV. Ой қорыту
- Сұрақ - жауап алу.
1. Әңгімеде кім туралы айтылады?
2. А. Байтұрсынұлының сөйлеген сөзінен, іс - әрекетінен қандай адам екенін байқадыңдар?
3. Балалардың айтқан жаңылтпаштары мен жұмбақтары ұнады ма?
- Оқушылардың алған әсері. (Әр оқушы қоржынына керекті сөздерді салады)
(Жақсы, керемет, тамаша, қызықты, тартымды)
- 3 топ бойынша қорыту. (Достық жеңді, бірлік жеңді)
- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік - экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды
Н. Назарбаев.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
- Оқу, мазмұнын айту