Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан атты тәрбие сағаты
6 сынып
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру, досқа деген танымын, талғамын шыңдау;
Б) Өз ойларын ашық айта білуге, сұраққа ойланып нақтылы толық жауап білуге үйрету, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту;
С) Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, достық туралы жақсы пікір қалыптастыру; Оқушылардың достық туралы ой - пікірлерін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, топтық сайысу.
Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, буклет, сызба нұсқалар, презентация.
Сабақтың барысы:
Гүлжамила апай: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің 6 Б - сыныбында Іздегенде табылатын қасыңнан атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген өмірдің көрігі екен,
Достық деген өмірдің тірегі екен, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз өмірге сән беретін адам бойындағы ғажайып сезім достық туралы. Өмірде көп көргені бар, достық мектебінде шыңдалған ақындардың жырларын оқып, ұлтымыздың қасиетті хадистерін жаттап, даналардың сөздерін санамызға тоқып, достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттер екеніне көз жеткізіп, адал досты жалған достан айыра білуіміз керек деп ойлаймын.
Гүлжамила апай: Армысыздар! Достық – адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын - жазушыларға қоса, ұстаздар мен ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде - кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын киелі орнына, зор маңызды байланыс екені даусыз.
Гүлжамила апай: Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды - дей келе сіздерді достық туралы ашық әңгімеге шақырамын.
Гүлжамила апай: Біздің сыныбымыз үш топқа бөлініп отыр. Бірінші топ Дос, екінші топ Жолдас, үшінші тобымыз Құрбы – құрдас. Бірінші топ басшысы Арыстанбек, екінші топ басшы Сұлтанбек, үшінші топ басшымыз Жоламан.
Арыстанбек: Нағыз дос бір – біріне тарылмайды,
Жуырда түрткеніне жарылмайды.
Жақсы – жаман айтар деп елемейді,
Бақ - дәулет сол адамнан айырылмайды.
Сұлтанбек: Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады - сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы.
Жоламан: Адал дос барлық жерде керек екен,
Өмірде достың орны бөлек екен.
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,
Жаман достан жамандық келеді екен!
Гүлжамила апай: Сіздер достықты қалай түсінесіздер? Достықтың шынайы белгісі қандай? Үш топ өз ойларын жазып тапсырады.
Қуат: Дос емес, достың сөзін көтермесе,
Салған жерден түбіңе жетем десе.
Не қылып, дос атына қосылады,
Көтеріп бір сөзіңді бүйтем десе.
Венера: Нағыз дос бір – біріне тарылмайды,
Жуырда түрткеніне жарылмайды.
Жақсы – жаман айтар деп елемейді,
Бақ - дәулет сол адамнан айырылмайды.
Меруерт: Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айырмаңыз.
Гүлжамила апай: Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, сырыңды айтатын, қуаныш - қайғыңды бөлісетін адамның болуы.
Дос болу киелі ұғым. Ертедегі адамдар дос болу үшін не істеген кім қалай ойлайды?
Гүлжамила апай: Ертеде дос болу үшін ер азаматтар мал құдайы жасап, малдың бауыздау қанына көйлектерін батырып, көйлек ауыстырып киіп, жүректерін түйістіріп ырым жасаған, яғни, Кеуделері түйіскен, қанды көйлек киіскен деген ырымен достықты сипаттаймыз деп серт берген екен. Сонымен, кімде қандай ой бар? Ертеде дос болу үшін не істеген екен?
Жарылғасын: Австралиялықтар ғана өздерінен үш нәрсе сатып алған адамды ғана дос санаған.
Нұрсұлтан: Ежелгі орыстар бір жасақтағы әскерлерді достар деп санаған.
Жамал: Достық келісім шартын арабтарда жасаған. Олар шарт жасар алдында үстелге ірі қара тұз салынған ыдыс әкеп, әрқайсысы бір уыстан жеген. Араб философы Фадлан Достар да бәрі ас ішер ыдыста, жуынатын табақта, тіпті, киімі де ортақ болуы тиіс дегенді айтады.
Гүлжамила апай: Ең әуелі Достық туралы ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Нұржанат: Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес .
Лола: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір - біріне тірек, медет болуынан, қам - қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын - қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта Мұнан менің қай жаным аяулы ,- деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Мустафа: Өзбектің ақыны Әлішер Науаи айтқан:
Жақсы киім бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады.
Гүлжамила апай: Енді, достар тақтаға назар аударып, екі топ Мықты болсаң, озып көр бөліміне тоқталып, сұраққа жауап іздейік.
Гүлжамила апай: Ендеше Дос тобынан сұрақ қойып бастасақ. Достық сезімі дегеніміз не? Ол нені білдіреді?
Гүлсара: Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гаухар тас. Жұлдыз да, гаухар таста кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкімде, еш құдіретте кірлете алмайды. Нағыз досың адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін сәтсіздіктерге мойымауға үйрету.
Венера: Достық сезімі – өмірде адамдар бірін – бірі қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
Мадина: Достық сезімі - біріне – бірі тірек болып, қиын қыстау күндерде бірге болып жанынан табылуы.
Гүлжамила апай: Нағыз достың белгісі не? Қалай ойлайсыңдар?
Дос тобынан Ерсұлтан: Жақсы адам тәңірдің нұры дегендей өзің жақсы болсаң, досың көп. Жаман болсаң досың жоқ. Орташа болсаң бір жақсыға ілесе аласың.
Жолдас тобынан Исабек: Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу - нағыз достықтың белгісі.
Іздегенде табылатын қасыңнан атты тәрбие сағаты жүктеу