Әңгіменің шиеленісуі Хафиздің Ақсақ Темірге берген бағасы

Скачать

Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович

Қазақ әдебиеті пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

1 Сабақтың тақырыбы: Қ. Бекқожин “Ақсақ Темір мен ақын”
2 Жалпы мақсаттар: - Қ. Бекқожин туралы жалпы шолу жасау;
- Баллада мен өлеңнің айырмасын түсіну;
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту.
3 Оқытудың нәтижесі: - Қалижан Бекқожин туралы жалпылама мәлімет біледі;
“Ақсақ Темір мен ақын” туралы балладаның композициялық құрылымын игереді;
Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды.
4 Негізгі дерек көздері: АКТ, постер, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар

Кіріспе
Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Тренинг оқушылар бір - біріне тілектер айтады.

Үй тапсырмасын сұрау
(Білу кезеңі бойынша) - Үйге берілген тапсырма бойынша алған білімдерін тексеру. (үй тапсырмасын орындамаған оқушыға көмек бағдар беріледі)
Жоспар бойынша әңгімелеу
1. Сафуан Шаймерденов қызметі жайлы мәліметтер жинау (1 топ)
2. Жазушының қандай еңбектері бар? (2 топ)

3. Сафуан Шаймерденов кім? ( топтастыру) (ортақ)
Топқа бөлу
Бұл кезеңде балалар топқа бөлінеді. Екі топқа бірінші топ Ақсақ Темір тобы, екінші топ Хафиз тобы.

Жаңа сабаққа дайындық
Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін, интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып Қ. Бекқожиннің фото суретін көрсету
- балалар мына фотодан кімді көріп тұрмыз, бұл бейне бізге таныс па? Балалар бейнедегі тұлғаның аты - жөні, кәсібі, шығармалары жөнінде түсінік айту.

Түсіну кезеңі
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымызда Қалижан Бекхожиннің “Ақсақ Темір мен ақын” балладасы туралы түсінік аламыз
Баллада - Орта ғасырда Француз, Испан, Итальян елдерінің поэзиясында пайда болған лириканың бір түрі.
Баллада - тарихи шындықты, ерлік әрекеттерді сипаттайтын шағын сюжетті өлең.
Баллада негіздерін әлем билеушісі атанған Әмір Темірдің сөз құдіретін бағалай білетін данышпан екендігін көрсетеді.
Балладаның негізгі оқиғасы - Әмір Темірдің кезекті Үндістан жорығынан келіп, түрік сұлтанына қарсы жорыққа аттанбақ болған шақта түрік қызына ғашық Хафиз шайырмен арадағы кездесуі. Хафиз Түріктің бір қызына ғашық болып, Сол бір қыз езу тартып күлген үшін, Бетінде оймышталып бір мең үшін - Садаға Самарқан да, Бұқара да деп өлеңдеткені үшін әміршісі естіп қойып Ақсақ Темірге айтып келеді, Балладада негіздерін әлем билеушісі атанған Әмір Темірдің сөз құдіретін бағалай білетін данышпан екендігін көрсетеді.

Сәйкестендіру тесті (екі топқа да ортақ)
1. Әңгіменің басталуы
Ақсақ Темірдің Жейхун жерін басып алып, жеңісін тойлауы.
2. Әңгіменің дамуы.
Әміршінің алдына Хафиз ақынның әкелінуі
3. Әңгіменің байланысуы
Ақсақ Темір мен Хафиз ақынның сөйлесуі
4. Әңгіменің шиеленісуі Хафиздің Ақсақ Темірге берген бағасы
5. Шарықтау шегі.
Әміршіні ақын тілінің өткірлігі райынан қайтаруы
6. Әңгіменің шешімі:
Ақсақ Темірдің Хафизге рақымшылық жасауы
7. Қорытынды.
Ақынның бостандыққа кетуі

І топ, ІІ топқа постер қорғау І топ: Ақсақ Темір туралы не білеміз? Әмір Темір – қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқария уәлаятының билеушісі болды. Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ – Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1930 жылы Маураннахырды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған ХІV ғасырдың 70 - жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ - даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Ақсақ Темір”, ирандықтарға Тимурләнг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш - қасиетті Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салып қалдырды.

ІІ топ: Хафиз туралы не білеміз?
Хафиз – лақап аты, шын аты – жөні – Шәмседдин Мұхаммед, парсы ақыны. Әкеден жастай айрылып, күнкөріс тірлігіне ерте араласады. Өз бетімен сауатын ашып, кітап көшіру өнерімен айналысады. Хафиздің 1855 жылы өз қолымен көшірген кітабы сақталған. Хафиз медресені бітіріп, діни білім алады. Хафиз сөзінің негізгі мағынасы “жақсы жаттай білетін адам” деген ұғымды білдіреді.

Венн диаграммасы
І топ: Ақсақ Темір
ІІ топ: Хафиз
Осы өз топтарының атауын венн диаграммасы арқылы қорғайды
Оқушылар Ақсақ Темір мен Хафиз ақынның ортақ қасиеттерін мына араласып кеткен сөздердің ішінен тиістісін айту.
1. Билеуші; 2 Орта ғасырларда өмір сүрген; 3 Ақын; 4. Қолбасшы; 5. Тарихта есімдері қалған; 6. Парсы; 7. Батыр; 8. Қайсар; 9. Дастандарымен қайсар; 10. Қатігез; 11. Өжет мінезді; 12. Өлеңдердің авторы13. Ақылды.
14. Ақкөңіл; 15. Түркілерінің барлас тайпасынан шыққан.

Әдебиет теориясы
(баллададан табу) Баллададан табу
І топ: Аллитерация
Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін,
Темірдің жыр еткендей жойқындығын.
Эпитеттер
Ақ шатырлар, көк орай, сары қымыз, долы сөз, самал таң
ІІ топ: Метафора
Темір - ашынған арыстан, жолбарыс, барыс, қара бұлт, айдаhар Хафиз - киік, сөзі - мүсәпір (у)
Кейіптеу
Тажал ғып Азияға берген Тәңір,
Талқандап талай жұртты, келген Темір.


Скачать


zharar.kz