Алмадан жасалған жеңіл салатАлма - 2 - 3 басҚаймақ - 100 - 150 немесе зәйтүн майы 1 - 2 ас қасықЖаңғақ - 50 грКөкшөптер - қалауыңызшаТұз - дәміне қарайЖасалуы

Скачать

Алмадан жасалған жеңіл салат
Алма – 2 – 3 бас
Қаймақ – 100 - 150 немесе зәйтүн майы 1 - 2 ас қасық
Жаңғақ – 50 гр
Көкшөптер – қалауыңызша
Тұз – дәміне қарай

Жасалуы: Алманы төртбұрышты етіп тураймыз да оған грек жаңғағы мен көкшөптерді турап саламыз, балдыркөк (сельдерей), саумалдық (шпинат). Қаймақпен немесе зәйтүн майымен (оливковое масло) араластырамыз.

Жас қырыққабаттан жасалған жеңіл салат
Қырыққабат – 300 гр
Қияр – 2 бас
Жұмыртқа – 2 - 3 бас

Жасалуы: Қайнап піскен жұмыртқаны майдалап тураңыз. Қиярды дөңгелектеп тураңыз, қырыққабатты ұзынша етіп жұқалап тураймыз.(жаңа жұлынған қырыққабат болуы керек) Барлығын үлкенірек ыдысқа салып, өсімдік майын құйып, тұз салып араластырамыз. Дәмін келтіру үшін ақжелкен турап салуға болады.

Тауық етінен жасалған жеңіл салат
Тауық еті – 200 - 250 гр
Қызанақ – 1 - 2 бас
Қияр – 1 - 2 бас
Өсімдік майы – 1 - 2 ас қасық
Ақжелкен (петрушка) – 1 бума
Лимон сөлі – дәміне қарай
Тұз – дәміне қарай

Жасалуы: Тауықтың піскен етін жұқа, ұзынша етіп тураймыз. Қызанақ пен қиярды қалауыңызша турайсыз. Салат жапырағын ірі етіп тураймыз, ақжелкенді (петрушка) майдалап тураймыз да лимон сөлін тамызамыз. Өсімдік майымен тұзды соңынан араластырамыз.

Қырыққабат пен шұжықтан жасалған салат
Қырыққабат – 250 - 300 гр
Қақталған шұжық (колбаса)
Сарымсақ – 2 түйір
Ақжелкен (петрушка) – 1 бума
Майонез – 100 - 150 гр (дәміне қарай)
Тұз – дәміне қарай

Жасалуы: Қырыққабатты ұзынша етіп майдалап тураймыз, шұжықты ұзынша етіп жұқалап тураймыз. Ақжелкен мен сарымсақты да майдалап тураймыз да майонезбен араластырамыз. Дәміне қарай тұз саламыз.


Скачать


zharar.kz