Қоғамға қауіпті салдардың зардаптың түсінігі

Скачать

Қылмыстық заң қылмыс құрамын белгілі бір әрекеттің (әрекетсіздіктің) өзін тікелей жасаумен, немесе осы жасаған әрекеттің себебінен белгілі бір қылмыстық салдардың болуымен байланыстыра алады.
Қылмыстық салдар деп тұлғаның әрекетінің (әрекетсіздігінің) себебінен қоршаған ортада болған және қылмыс құрамының обьективтік белгілеріне жататын өзгерістер танылады.
Әрбір қылмыстық әрекет (әрекетсіздік)- қылмыстық заңмен қорғалатын жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қиянат келтіріп, қол сұғады. Бірақ, жеке адамның мүддесіне, қоғамның немесе мемлекет мүддесіне, яғни озбырлық жасалатын обьектіге келтірілген зиян материялдық болып саналмайды, себебі ол заттар жүйесіне емес, адамдар арасындағы қатнастарға жатады. Сондықтан да, қылмыс құрамын талдағанда қылмыс обьектісіне келтірілген залал ұғымын қылмыс заты ұшыраған зиянды салдардан/зардаптан қатаң ажырата білу керек; осыларға байланысты тиісті мүдделер қалыптасады. Егер мүддеге келген залал қол сұғушылық жасау обьектісінің сипаттамасына жататын болса, онда қол сұғушылық жасаған затқа келген зиян қылмыс құрамының обьективтік жағының қасиетін білдіреді. Қылмыс обьектісіне келген залал қылмыстық құқық нормасында қылмыс құрамының белгісі ретінде еш уақытта көрсетілмейді. Әрбір қылмыс құрамы өзіне келтірген залалдың емес, обьектісінің сипаттамасын береді. Қол сұғушылық жасау затына келтірген зиян, көбінесе қылмыс құрамының обьективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстық заңның диспозициясында көрсетіледі.
Қол сұғушылық жасау затына келетін зиян әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Олар материалдық залал (бөтеннің мүлкін ұрлау, жою, т.б.), денеге (денсаулыққа) зақым келтіру түрінде болуы мүмкін. Материялдық залал, қылмыстық заңда, қол сұғушылық жасау заттарын қалайда жоюмен немесе бүлдірумен әркез байланысты емес. Ұрлау материялдық залал келтіретін болғанымен, бірақ бұл мүлікті жоюмен де, бүлдірумен де, байланысты емес.
Қылмыстық бей материялдық сипатта да болуы мүмкін. Мысалы, азаматтардың мүліктік емес субьективтік- саяси, еңбек және басқа да құқықтарын; заңды тұлғалардың қалыпты жұмысын бұзу.
Заң шығарушы зиянды салдарды сипаттаудың әр түрлі техникалық амалдарын қолданады. Қылмыстардың қасақана құрамының едәуір бөлігі заңда құрам аяқталған болуы үшін белгілі бір қылмыстық салдардың болуы қажет екендігі (мысалы- қасақана өлтіру, ұрлау және т.б.) көрсетіліп сипатталған. Заңда көрсетілген салдардың болмауы мұндай жағдайда тек қылмыс жасауға оқталғандықтың ғана бар екендігін білдіреді. Кей жағдайда қылмыс құрамы ауыр зардапты салдардан кейін ғана болады (мысалы, орманды ластау, зақымдау немесе жою- ҚК-тің 292-бабы). Қылмыстардың жекелеген құрамдарында ауыр зардапты салдардың болуы қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін көтеріп, тиісінше, жасалған қылмысты басқаша саралауға әркелкі соғады (мысалы, заңсыз аборт жасау- ҚК-тің 117-бабы).




2.3. Себепті байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәні

Материалдық деп аталатын қылмыстар жасағанда адамның әрекеті (әрекетсіздік) мен келген зиянды салдар арасындағы себепті байланыстың бар-жоқтығы жайында мәселе туындайды. Қазіргі қылмыстық құқық «зиянды салдар адамның іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) себепті байланыста болған жағдайда ғана ол адмды айыпқа қалдыра отырып оған таңылуы мүмкін» деген қағидатты бекем ұстанып отыр.
Себепті байланыс мәселесі қылмыстық құқық теориясындағы ең күрделі және даулы мәселелердің бірі.
Қылмыстық құқықта себепті байланыстың нақты мәселелерінің шешілуін бірқатар ғалымдар табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмір арасындағы бізден тысқары, обьективті байланыстар ретіндегі филасофиялық категориялар негізінде жүргізілуде.
Жалпы алғанда, субьектінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен одан келген зиянды салдар арасында себепті байланыстың бар екендігінде күмән жоқ. Алайда, субьектінің мінез-құлқы мен келтірілген зардап арасындағы себептілікті анықтау қиынға түссе, әрине, көптеген күдік туындайды. Мұндай жағдайларда нақты себептік-салдардық қатнастарға мұқият талдау жасау қажет, көптеген обьктивті байланыстардың ішінен біреуін- себепті байланыстыбөліп алу керек.
Себептілік- құбылыстардың арасындағы обьективті байланыстардың бір бөлігі ғана екендігін ескерсек, себепті байланыстың барлық затын зерттеуге мақсат- себепті байланысты басқа обьективтік тәуелділіктенажырататын межені анықтау. Мәселенің басын ашқанда обьективтік шындықтың құбылыстары арасындағы қажетті және кездейсоқ себепті байланыстарды ажыратуды қажет.
Себепті байланыстың бар екендігі адам әрекетінің қажетті зардаптарына қатысты ғана танылуға тиісті, бұл жерде әңгіме сол нақты жағдайда сол әрекетті жасағанда болуы әбден мүмкін және туындауы да заңды зардаптар жайыенда болып отыр. Адамның мұндай іс-әрекетінен туындайтын барлық кездейсоқ зардаптардың қылмыстық құқық үшін құндылығы жоқ.
Себепті байланыс обьективті шындықта қандай болса, сол күйінде зеттеліп анықталады.
Адамның іс-әрекеті сыртқы дүниеге келген зардаппен егер бұл зардап сол іс-әрекеттің нәтижесінде туындағанда ғана емес, айталық, ауыр дене жарақатын салғандықтан жәбірленуші қаза тапса, сонымен қатар адамның іс-әрекеті ауыр зардаппен ерекше жағдайда да, не жәбірленушінің немесе озбырлық жасалатын заттын ерекше қасиеттері немесе әрекеттің ерекше даму немесе қылмыс жасау жағдайының ерекшеліктері нәтижесінде де белгілі бір байланыста болады. Мына істің сипаты бұған мысал бола алады: Бес жасар қызының артынан таяқ алып қуып келе жатқан он үш жасар К-ні көріп, С оны бірнеше рет басына жібереді. Содан кейін К. кешке дейін сиыр бағады; табан асты халі нашарлап, төрт күннен кейін қайтыс болады. К-нің бас сүйегін ашқанда анықталғаны- ұрғанның нәтижесінде бас сүйектің тігісі ажырап, құлық тұсындағы бұрынғы ісік қайта қозып ми қабаттарына тарап, өліміне себеп болған. Бұл жерде жәбірленушінің денсаулығының ерекшілігін ескерсек, оның өліміне басқа тиген соққы себеп болғанын байқаймыз. К-нің өлімі С-нің әрекетімен себепті байланыста. Бірақ, С. қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды, себепті қылмыстың субьективтік жағы жоқ- оның өлтіру ниеті болмаған және ол абайламай іс-әрекет жасаған. Іс-әрекет пен зиянды салдар арасындағы себепті байланыс әрекет тек келген зардаптың алдында болғанда ғана, яғни (немесе) зардап/салдар әрекеттен кейін болған жағдайда ғана болуы мүмкін.
Егер зиянды салдар сол әрекеттің заңды жалғасы болып келмесе, онда қылмыстық салдар адам әрекетінің кездейсоқ зардабы болып табылады. Мысалы, адамға жеңіл дене жарақаты салынсын делік, ал ол адам жарақатты емдеу кезінде қанына тараған инфекциядан қаитыс болады. Бұл жағдайда адамның іс-әрекеті иен ауыр зардаптың арасында ішкі қажетті байланыс жоқ, тек таза сыртқы байланыс, жағдайдың кездейсоқ өрбуі бар.
Зиянды зардап тек іс-әрекеттен ғана емес, әрекетсіздіктен де болуы мүмкін. Адамның әрекетсіздігі- болып кеткен салдармен қажетті байланыста болады, бұл жерде адамның өзіне жүктеген міндетті орындамауы зиянды зардапқа әкеп соғады. Сондықтан да, адам белсенді әрекет жасауға міндетті болған жағдайда ғана, атап айтқанда, әрекетсіздік жолмен материялдық қылмыс жасағанда, оның әрекетсіздігі жағдайда сөз болады.
Шетелдің қылмыстық құқық теориясында себептіліктің екі концепциясы кең тараған: «conditio sine qua non» концепциясы және «барабар себептілік» концепциясы.
«Сonditio sine qua non» концепциясына сәйкес адамның әрекеті сол салдардың болуының қажетті шарттардың бірі болса, онсыз бұл салдар келмейтін болғанда ғана адамның әрекеті келген қылмыстық салдардың себебі деп танылады. Бұл пікірді құптайтын криминалистер оқиғның алдындағы барлық жағдайлардың теңдігін мойындайды. Бұл жағдайлардың әрқайсысын олар оқиғаның болуының себебі деп қарастырады. Бұл концепция обьективтік санат ретінде оқиғалардың сырқы түйісуі ретінде қарастырылады, ал себептік-салалық байланыста ішкі заңдылық бар екендігіне мән берілмейді.
Бұл концепцияның кемшілігі- жазалау органдарынан жасалған қылмыстың өте кеш болатын зардаптары үшін қылмыстық жауаптықықты негіздей алатындай мүмкіндік беретіндігінде.
«Барабар себептік» концепциясы бойынша салдардың себебі- нақты жағдайлар ғана емес, жалпы алғанда, срол қылмыстық салдарды туғызатын әрекеттерғана болады. Бұл салдар өзі сәйкес келген және өзіне барабар белгілі бір әрекетке ғана тән. «Барабар себептілік» тұрғысынан алғанда, жоғарыда келтірген С. деген азаматтың ісінде әрекет пен салдар арасында себепті байланыстың жоқ екендігі танылуы қажет еді, себебі К-нің басына алақанмен небәрі жай ғана бірнеше рет ұрып қалғаннан оның құлақ тұсында бұрыннан бар ісігі қайта көтеріліп өлімге себеп болған.


Скачать


zharar.kz