Сабақтың тақырыбы: Орал тауы (физикалық география 8 сынып)
Теңіздер мен көлдер (жаратылыстану 5 сынып)
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Орал тауының табиғатын, негізгі ерекшеліктерін сипаттауды біледі.
Міндеттері:
- оқушылардың өздігінен, жұппен, топпен жұмыс жасау, ойлау, сөйлеу, пікірталасқа түсу, шешім қабылдау қабілеттері дамиды;
- оқушылар бір - бірін сыйлауға, қолпаштауға, тыңдауға дағдыланып, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: Оқулық, атлас, А3 қағазы, интербелсенді тақта, бейнеролик, флипчарттар мен фломастерлер, маркерлер, кескін карта, стикер.
Әдіс - тәсілдер: диалог, мозайка, топпен, жұппен, сұрақ - жауап
Оқыту нәтижесі: оқушылар Орал тауы табиғатының негізгі ерекшеліктерін біледі, өздері талқылаудан өткізіп, өздігінен білім алу қабілетін дамытады.
Сілтеме: Оқулық, Б. Бейсенова
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
Амандасу
Психологиялық ахуал. Бір - біріне тілек айту.
Топқа бөлу (3 суреттің қиындылары: биік, аласа таулар және жазықтың суреті)
Тақырыпты ашу кезеңі (білу) 3 мин
Суреттер құрастырылғаннан кейін тақырыпқа шығу үшін сұрақтарды қою.
1. Қай сурет артық болып саналады?
2. Осы топтарды қандай топтарға бөлуге болады?
3. Осы суреттерге қарап сабақ тақырыбын кім айта алады?
4. Сабақтың мақсаты қандай болады?
Нені білемін? деген сұраққа ойын стикерге жазып плакатқа іледі
Түсіну 11 мин
Тақырыпты бөлу:
Дорбаға киндер сюрприз ормасына тақырыпшаларды салып әр топқа таңдауға ұсыну.
1 топ: Географиялық орны. Жер бедері мен геологиялық құрылысы;
2 топ: Пайдалы қазбалары мен климат;
3 топ: Су қоры. Табиғат зоналары. Өсімдік және жануарлары.
1, 2, 3 санау арқылы топ мүшелерімен ауысады
Әр топқа кесте беріледі
География пәні мұғалімі Успанова Жанара Жумабаевна