Ақын өмірінен үзік сыр

Скачать

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №6 негізгі мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі Бахытжанова Д.У.

Тақырыбы: Мен Абай шығармаларын сүйіп оқимын.
Мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу қабілеттерін шыңдау. Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Барысы:
I. Ақын өмірінен үзік сыр.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен бірге алыстым, кінә қойма – деп жырлаған Абай ұлт мақтанышы, Ұлы тұлға. Саналы, ойлы адамның артықшылығы - заман талабын, әлеуметтік өзгерістердің бағыт - бағдарын дұрыс түсіне білу болса керек. Ендеше, құрметті ұстаздар, 2а сыныбындағы Абай өлеңдеріне арналған поэзиялық кешке хош келіпсіздер.

Ғалым.
Абай(Ибрагим) 1845 жылы Семей жерінде туылған. Әкесі Құнанбай болыс болған. Абай анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Кішкентай кезінен өнер білімге жақын болған. Абай жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіндегі мұсылманша білім алған. Сонымен қатар орыс мектебіне де барып жүрген. Абай – қазатың ұлы ақыны, ойшыл, философ, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы классигі.

Жұлдыз.
Абай ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.

Құралай.
Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылыс ы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Әмина.
Абайдың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәні – оның өз шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат - мұратын айқын көрсетуінде, дарындылығы мен кемеңгерлігінде.

Айбар.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.

II. Абай өлеңдері
Тоғжан.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол.
Адам болам десеңіз
Тілеуің өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой.
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
Али.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Айида.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар.
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың жалын, артың мұз
Барар едің қай жаққа.
Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Айдос.
Құлақтан кіріп бойды алар.
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.

Сейсен.
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған.
Кісіге сән бе екен?
Өңкей надан антұрған.
Қанша айтса жан ба екен?
Бос жүріп құр қалған
Өміріңе кән бе екен?

Сымбат.
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,
Бірінің - бірі шапшаң ұқпас сөзін,
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын.

Ғалым.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім кінәлі.
Қолымды дөп сермесем өстер ме едім
Адамның бір қызығы бала деген.
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл де бердім.
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.


Скачать


zharar.kz