Сабақтың тақырыбы: Модельдерді зерттеу
Сілтеме: • 7 - сынып оқулығы;
• 7 - сынып электронды оқулығы;
• Интернет желісі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
Нәтиже: • Модель ұғымын біледі.
• Моделдерді зерттеуді үйренеді
• Практикада модельмен жұмыс істей алады.
Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Әдіс - тәсілдері: Мозайка әдісі, Мен - саған, сен - маған әдісі, Болжау әдісі, диалогтық оқыту
Көрнекі - құралдар: Компьютер, интербелсенді тақта, флешка, оқулық, маркер, постер
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. Топқа бөлу.
4. Сабақ барысымен таныстыру.
5. Бағалау парағын таныстыру.
6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
(Білу):
Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)
Компьютерлік графика (сұрақ - жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
(Түсіну):
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
Видео ролик модельдеу
Мағынаны тану (1 мин.)
(Мұғалім практикалық сабақта оқушылар қандай тапсырма орындайтындығын хабарлайды. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады).
Сыныпты автокөлік және киіз үй суреттер қиындысы арқылы 2 топқа бөлу
Топтағы әрбір оқушының қолына бағалау парағын береді. Сабақтың өтілу шартын түсіндіреді.
(Қолдану)
Сабақтың негізгі бөлімі (5 мин.) Өткен материалдарды бекіту Тапсырмалар
Оқушыларға тапсырмалар беру
Тапсырма 1 - топ Шарты: 1. Модельдерді пәндік салаға топтау
Тапсырма 2 – топ Шарты: 2. Берілген модельдерді материалдық және ақпараттық бағытқа топтаңыздар
1. Глобус
2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті
3. Театр спектаклінің костюмдер эскизі
4. Адам қаңқасының макеті
5. Химия реакцияларының теңдеуі
6. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі
7. Қуыршақ
8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті)
9. Пойыздар қозғалысының кестесі
10. Паровоз ойыншығы
11. Метроның сызбасы
12. Шаршының ауданын табу формуласы
13. Чарльз Бэббидж суреті
Информатика пән мұғалімі: Токубаев А. М.
Модельдерді зерттеу. жүктеу