Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Түсініктеме хат.
Мемлекеттік тілдің іргетасын қалау бастауыш мектептен басталуы әбден заңды. Өйткені орыс мектептерде қазақ тілін оқыту - бастауыш сыныптан бастап халқымыздың мәдениетін тани білуге, тілді үйренуге, қызығушылығын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыларға оқу материалын жан - жақты терең ұғындыру үшін түрлі әдістерді пайдалана білу қажет. Дұрыс қолданылған әдіс оқушылардың назарын аударумен қатар, қызығушылығын, ынтасын да арттырады.
Ұсынылған дидактикалық тапсырмалар жинағының мақсаты:
- Тапсырмаларды орындау барысында қазақша сөздерді үйрену;
- есте сақтау, ой - өріс қабілеттерін арттыру;
- ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
- сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Міндеті:
- Сабақтағы материалды оқушыларға меңгерту, тәрбиелеу жұмысын іске асыру;
- оқушылардың қазақ тілі материалын толық меңгерту;
- өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру;
- ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайтуға көмектесу.
Бәрін білгім келеді.....
Ойыншықтар.
Үлкен допты қызыл, кішкентай допты көк түспен боя.