Ескен Елубаевтың өлеңі
Аяқ асты түнеріп,
Туған жердің аспаны,
(Көптен күтіп жүр едік),
Жауын жауа бастады.
Өтсе екен деп селдетіп,
Нөсер болып кәдімгі,
Барлығымыз әндетіп
Шақырдық – ау жауынды.
Жау – жау , жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Кең далаға көлбеген.
Қуанышты ел деген.
Жау – жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егін жайға шөлдеген
Жау – жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егін өссе береке
Жау – жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Елге әкелер мереке...
Жау, жаңбыр , - деп шырқадық,
Бәріміз де әндетіп
Жаңбыр болса,
Қырқаны
Шайып өтті сәнді етіп.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері