Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, Ақбота балабақшасының тәрбиешісі
Жанабаева Шынар Киикбаевна
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Табиғат құбылыстары
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру.
Жұмбақтар шешу арқылы ой - өрістерін дамыту.
Табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: табиғат құбылыстарының суреті: бұлт, күн, қар.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін ауа райы қандай болып тұрса да, біз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Балалар: Балалар шеңбер болып отырады. Терезеге қарап, ауа райының өзгерісін айтады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ауа райы жылы, күн шығып тұр.
Ауа райы әртүрлі болады, бірде күн ашық болады, бірде жаңбыр немесе қар жауады.
Балалар: Тәрбиешінің айтқандарын қайталайды.
Тәрбиеші: Жұмбақ жасыру.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн)
Балалар: - Күн.
Тәрбиеші: - Қолымыздан ұстап дөңгелене ұстайық. Біз қазір неге ұқсадық?
Балалар: Күнге.
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар бізге күн не үшін қажет?
Күн әлемге жарық беріп, шуағын шашады. Балалар біз немен тыныс аламыз?
Балалар: - Ауамен тыныс аламыз.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар біз ауамен тыныс аламыз. Ауасыз бізге тіршілік жоқ. Таза ауа тыныстау үшін керек.
Тәрбиеші: Сергіту сәтін өткізеді.
Күн төккен нұрынан
Биік болып өсеміз.
Денемізді тік ұстап,
Дөңгелене билейміз.
Балалар: Қолдарын жоғары созады, бір орындарында тұрып билейді.
Тәрбиеші: - Балалар қыс мезгілінде не жауады?
Балалар: Суретке қарап жауап береді:
Тәрбиеші: - Қыста, қар жауады, жел тұрады, күн суық болады. Осының бәрі табиғат құбылыстарына жатады.
Ойын: Күн мен түн Шарты: Балаларға күн дегенде, олар қолдарын ашып, дөңгелек жасайды, ал түн дегенде, олар ұйықтаған болады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Тәрбиеші: - Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз жақсы тілекпен аяқтайық. Әрқашан күн сөнбесін! Ауамыз әрқашан да таза болсын! Суымыз тұнық болсын!
Балалар: Бірге қайталап тілектерін айтады.
Күтілетін нәтиже.
Табиғат құбылыстарын (бұлт, қар, жаңбыр) біледі;
Тақырыпқа сәйкес берілген жұмбақтың шешуін тауып, ойын шартын орындай алатын дағдыларды игереді;
Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының өзгешеліктері туралы білімді меңгереді.