Аты шартты түрде ғана аталып отырған ертегілік образ

Скачать

АЙБӨКЕН. Аты шартты түрде ғана аталып отырған ертегілік образ. Ертегіде "ол айға шабамын деп мерт болған". Сондай - ақ "ол адам жейді" деп айтылады. Құйын батыр атының айтуымен ілулі тұрған Айбөкеннің астынан өтіп бара жатып қылышымен тіліп өтіп, жерге түсіреді. Айбөкен екі рет "қайт" деп айқайлағанда келмейді, осы сөзді үшінші рет айтқанда батыр Айбөкеннің қасына келеді, Айбөкен оның досына айналады. Батыр оның жарасын таңып береді, Айбөкен батырға әртүрлі кеңес береді. Бірінші — ол киелі бөкеннің сүтін қалай алуға болатынын айтып береді. Екінші — су сиырының сүтін қалай алуға болатынын да түсіндіріп береді.
Айбөкен — нақты есім емес, бірақ осы атқа ие образдан ағашта ілулі тұратын хтоникалық3 мифтік пендені көреміз. Ол — үрейлі кейіпкер, бірақ белгілі бір шарт орындалған жағдайда батырға көмек беруші образға айналады. Ол, сірә, мифтік абыз бен бақсыға жақын сипатты кейіпкер болар деп шамалаймыз.


Скачать


zharar.kz