Даярлық сыныбында халық ауыз әдебиетін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру мақсатында үйірме жұмысын жүргізу

Скачать

Халық ауыз әдебиеті даярлық сыныбында атты үйірме сағатына арналған оқу бағдарламасы

Халық ауыз әдебиеті даярлық сыныбында атты үйірме сағатының мақсат – міндеттері.
Негізгі тұжырымдама:
1. Даярлық сыныбында халық ауыз әдебиетін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру мақсатында үйірме жұмысын жүргізу.
2. Тәрбиеленушілердің көркем әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын қалыптастырып, дамыту.
3. Оқушыны өзіндік іс — әрекет жасауға үйрету.

Мақсаты:
Әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы ауыз әдебиетінің соны жанрларын оқытып, үйрету, ұлттық әдебиеттің қайнар көзін оқып меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеті:
*Өзіндік ізденіс, шығармашылыққа жетелеу;
*Аудандық баспасөзге үйірме жетістіктері жайлы материалдар беру;
*Мектепте халықтық педагогиканың
Тәрбиеленушілер іздеп, жинақтау жұмыстары барысында төмендегі талаптарды ескеру керек:
1. Балаларға жүктелген тапсырма нақты да қызықты болуы
тиіс;
2. Даярлық сыныбының тәрбиеленушілеріне, ата - аналарына текcepiп айқындай алмайтындай тапсырмалар бермеу керек;
3. Тәрбиеленушілер күші мен мүмкіндік деңгейлерін ескеру керек;
4. Үйірмеге мүшелері тапсырмаларға сай материалдар жинай отырып, іздестірген нақты мәліметтер icкe асырылуын қадағалау керек;
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді.
Тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар,
сабақта өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Көркем әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта, шыңдай түсу бағытында әрқилы әдістерді ұсынып отырмын. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақ түрлері:
Сайыс
Дебат
Баспасөз
Саяхат
Семинар
Ауызша журнал
Сынақ
Конференция
Бейнелеу


Скачать


zharar.kz