Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы жеке тұлға қабілетін дамыту (презентациясымен)
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
Білім беру технологиясы - ұғымы білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым - қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудің технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Ал ағылшын тілін саналы түрде меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру бір жылғы мәселе емес, сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда, оқушы бойындағы қабілеттерді анықтап, ары қарай жетілдіруде, жеке тұлға қабілетін дамытуда қандай технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолданған дұрыс деген сауал туындайды. Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді. Оқушылардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы оқушылардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Толық нұсқасын жүктеу