Ауыспалы осы шақ

Скачать

Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
36. Осы шақ. Нақ осы шақ
37. Ауыспалы осы шақ
38. Келер шақ. Болжалды келер шақ
39. Мақсатты келер шақ
40. Ауыспалы келер шақ

Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ. Нақ осы шақ
Сабақтың мақсаты:
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру, оның ішінде осы шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып. оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді. 1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ
Нақ осы шақ қимылдың іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Жаттығумен жұмыс: 126 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар. Қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Шығармашылық жұмыс: Нақ осы шақтың жалаң және күрделі түрлерін қатыстырып сөйлем құраңдар және оған талдау жасаңдар.
Тақтамен жұмыс: Күрделі нақ осы шақты жіктеп жазады

жақ жекеше ---------------- Көпше
І Оқып отырмын --------- Оқып отырмыз
ІІ Оқып отырсың ---------- Оқып отырсыңдар
Оқып отырсыз ------------- Оқып отырсыздар
ІІІ Оқып отыр -------------- Оқып отыр

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2. Осы шақ нешеге бөлінеді?
3. Нақ осы шақ қалай жасалады?
4. Нақ осы шақтың күрделі түрі қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 127 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, нақ осы шақты күрделі түрлерінің астын сызыңдар.


Скачать


zharar.kz