Отырғандаймын мәз қылып, Ойнатып сәби баланы

Скачать

Қасым Аманжолов өлеңі
ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ
Отырам кейде құрысып,
Бойымда бір жүк жатқандай.
Өтеді уақыт жылысып,
Өз міндетін атқармай...
Кетемін кенет сілкініп,
Іздегенім тапқандай.
Манадан бері іркіліп,
Селім бір енді аққандай.
Келеді өлең есіліп,
Үлгере жазып жатамын.
Бір әндетіп, бір сөйлеп,
Мол рақатқа батамын.
Құрысқан бойым жазылып,
Лапылдап отым жанады.
Отырғандаймын мәз қылып,
Ойнатып сәби баланы.
Өлеңім – менің бөбегім
Өзіме тартқан секілді.
Үстіне түсе төнемін,
Үйретіп оған не тілді.
Дүние қандай тамаша!
Реніш - қайғы маған жат.
Құлпырам мәз боп балаша,
Айналам толған махаббат.
1949ж.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау


Скачать


zharar.kz