Азық - түліктер және дәрумендер

Скачать

Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қауіпсіз мінез құлық негіздері
Тақырыбы: Азық - түліктер және дәрумендер!
Мақсаты: Балаларға азық – түлік және пайдалы дәрумендер туралы түсінік беру.
Үйрету: Балаларға тағамдарды дұрыс, ұқыпты жеуге, тамақтанудың маңызын үйрету.
Дамыту: Балалардың ой - өрісін есте сақтау қабілеттрін дамыту.
Тәрбиелеу: Балаларды мәдені гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Азық түлік – продукты, нан - хлеб
Қолданылған көрнекілік құралдар: Слайд, үлгі көрнекіліктер
Сөздік жұмыс: Дәрумен

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық

- Балалар біздең бүгіні оқу қызметіміз Қауіпсіз мінез құлық негіздері
Бүгінгі оқу қызметтің тақырыбы: Азық түліктер және дәрумендер
- Балалар жаңа тақырыппен таныспас бұрын жыл мезгілдерін есімізге түсіріп өтейікші.
- Өткен оқу қызметімізде қандай тақырыппен танысып едік?
- Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін не істеу керек?
- Дұрыс айтасыңдар, медициналық жедел жәрдем шақыру керек
- Кәзір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Балалар күз мезгіліне байланысты тақпақ білеміз бе?
- Балалар азық түліктерге күнделікті өмірімізге қажетті тағамдардың түрлерінің барлығы жатады. Мысалы:
Нан, сүт, дәнді дақылдар т. б жатады.
Нанды алайық өте қасиетті қастерлі тағам, оңайлықпен келмейді. Ол үшін көптеген адамдар еңбек етеді.
Нан бізге қалай келеді екен?
Ол үшін жерді жыртады.
Дәндер өсе бастайды.
Бидайдың сабақтары пайда болады
Машиналармен элеваторға апарады (Ұн зауыт)
Диірменге апарып тартады
Машиналар қап қап ұнды тасиды
Нан илейді, пісіреді наубайханада.
Дайын нанды машинамен дүкенге әкеледі.
Оны дүкеншілер сатады.
- Міне нан бізге осындай жолмен келеді
Мынау тары дәнді дақылдардың бір түрі. Ежелден қазақ халқы тарыны түйіп талқан жасап дастарқанға қойған. Тары адам ағзасына өте пайдалы,
сондықтан балабақшада ас мәзірінде пайдаланады. Тары - талқан – күш беретін құнарлы тағам әсіресе, балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға пайдалы.
Бізге балабақшада аспазшы апайымыз тарыдан қандай тамақ әзірлеп береді?
Бұдан басқада көптеген дәнді дақыл қарақұмық, сұлы жармалар,
Күріш барлығының құрамында дәрумендер өте көп.

Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай
Басын иіп аққудай
Трактор мен комбайн
Жүргізуге мен дайын

Сонымен қатар дәрумендер жемістермен көкөністерде де көп.

- Сәбізде А дәрумені көп кездеседі. Бұл дұрыс өсуге және көздің жақсы көруіне көмектеседі.
- В дәрумені бұршақ, қарақұмық, сұлы жармаларында, сонымен қатар ірімшікте балықта, қара нанда кездеседі. Олар ми мен бүкіл ағзамыздың жақсы жұмыс істеуі үшін өте маңызды.
- Енді С тобыңың дәрумендерімен танысайық. Бұл дәрумендер ағзамыздың әр түрлі аурудан қорғап, қан айналатын тамырларымыздың берік болуына көмектеседі. С дәрумені көптеген жеміс-жидектерде, көкөністерде кездеседі.
- Д дәрумені ет, бауыр, жұмыртқа, сары май, ірімшік кездеседі. Д дәрумені біздің сүйегіміздің берік болуы үшін қажет екен.
- Балалар азық түліктердің яғни дәнді дақылдар, жеміс жидектер барлығының құрамында біздің ағзамызға қажетті дәрумендер өте көп екен.

Ойын: Сөйлемді жалғастыр!
Анам дүкеннен......
Мен карандашпен.....
Мен кітаптан.......
Менің әжем.....
Біз дастарқанға.......

Ұжымдық жұмыс.
Аз әзірлеу!

Шарты: Балалар Қызылша сорпасымен Манты тағамдарға қандай азық түліктер қолданамыз, сол азық түліктерден ас әзірлейміз.

Тиым сөздер:
Нанды бір қолыңмен үзбе
Нанды жерге тастама
Дән өмірлік азық
Нанды қастерлеу керек

Қорытындылау:
- Балалар бүгін біз қандай оқу қызметін өттік?
- Қандай тақырыппен таныстық?
- Дәрумендер бізге не үшін қажет екен?

Азық - түліктер және дәрумендер! жүктеу


Скачать


zharar.kz