Қандай мамандар сұраныста

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Сабақтың мақсаттары: Тақырыпқа байланысаты сөйлеседі және өз ойын жеткізеді. Әр түрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып бағалайды.
Жай және құрмалас сөйлемдерге пунктуацияны орынды қолданып эссе жазады.
Жетістік критерийлері: Тақарапқа байланысты қозғалған мәселелерді анықтай алады;
көтерілген мәселе бойынша қорытынды ой ұсына алады. (Т4)
түрлі тақырып бойынша айтылған пікірлерге баға бере алады;
пікірін басқалардың көзқарасымен байланыстыра отырып жеткізеді. (А6) 3
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тиімді қолдана алады.
Пән лексикасы және терминология: заңгер, жүргізуші, суретші
жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: маман, еңбек нарығы, сұранысқа ие, болжам, үнемі, мекеме қызметкері

Сабақтың басы
Ұйымдастыру:
- оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- сабақ мақсатымен таныстыру;
- жетістік критерийін ұсыну
Сынып Менің болашақ мамандығым , деп 3 топқа бөлінеді. 1 - топ Менің ; 2 - топ болашақ ; 3 - топ мамандығым сөздеріне байланысты өлең оқиды, айтады, жұмбақ жасырады және т. б. сол сөздің мағынасын ашады.
1 - топ: техникамен байланысты мамандықтар (жүргізуші, құрылысшы, радиотехник, инженер)
2 - топ: шығармашылық мамандықтар (әнші, суретші, биші, тілші, дизайнер) салыстыру
3 - топ: гуманитарлық бағыттағы мамандықтар (мұғалім, заңгер, дәрігер, аудармашы, қорғаушы)
Алдыңғы сабақпен байланыстыру.

Сабақтың ортасы
1 топ, егер сендер техникамен байланысты мамандықтарды таңдасаңдар, қандай пәндерді жақсы білуіңдерің керек?
- 2 - топ, шығармашылық мамандықтарды таңдағанда не істеу керек?
- 3 - топ: гуманитарлық бағытта қандай пәндерге назар аудару керек?
( Иә осы оймен келісімін, Жоқ келіспеймін)., әдісімен сұрақтарға жауап беру әр топқа 3 сұрақтан.
- Мамандық бір - ақ рет және біржола таңдалады.
- Мамандық таңдау ақшаға байланысты.
- Мамандық таңдау адамның қабілетіне байланысты.
- Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
- Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
- Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
- Ақша болса, мамандық қажет емес.
- Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым айқындайды.
- Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
Мұғалімнің аты - жөні: Мадиева С. Т.
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста? жүктеу


Скачать


zharar.kz