Кәсіптік оқу орындарында жалпы білім беретін пәндермен (химия, физика, т.б.) қатар мамандықтарына қарай арнайы пәндер де қатар жүреді. Сол себепті мен өзімнің тәжірибемнен 2 – курста химия пәніндегі Бензиннің детонацияға төзімділігі.Оқтан саны тақырыбын ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист - машинисі мамандығындағы тракторлар мен автомобильдердің құрылысы пәніндегі жанармайға қойылатын негізгі талаптар мен оның қасиеттері, тракторларда қолданылатын жағармай түрлері тақырыбымен байланыстыра оқытудағы сабақ жоспары үлгісін ұсынып отырмын.
Төменде осы сабақтың өту барысы баяндалады.
Сабақтың тақырыбы: Бензиннің детонацияға төзімділігі. Октан саны
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік. Тақырыпты оқытудың бірізділігін орындау, техникалық шарттарын есте сақтау, білім сапасын арттыру.
ә) тәрбиелілік. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қолдана отырып уақыттарын тиімді де ұқыпты пайдаланып, бір-біріне бағалауда әділ болуға, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық. Оқушылардың ақыл- ойын білімін тереңдету, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ассосация,ойын.
Сабақтың көрнекіліктері: перфокарталар, оқулықтар, сызба нұсқалар, тірек сызба,үлестірме-тапсырмалар, мұнай, бензин, керосин, дизель майы, лигроин және т.б. реактивтер, компьютер т.б.
Пәнаралық байланыс: Химия, биология, трактор мен автомобиль құрылысы, материалтану, т.б.